Now Reading
Астанада парахоккейден әлем чемпионаты аяқталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада парахоккейден әлем чемпионаты аяқталды

Астанада парахоккейден әлем чемпионаты аяқталды

Астанада парахоккейден әлем чемпионаты аяқталды. Елімізде алғаш рет әлем чемпионатына 6 команда қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Финляндия, Словакия, Швеция, Ұлыбритания, Жапония және Қазақстан командалары өнер көрсетті.

Қазақстан құрамасының кеңесшісі Николай Шаршуковтың айтуынша, ойын барысында қазақстандықтар В дивизионындағы орнын сақтап, әлемдік деңгейдегі жарысты сәтті аяқтады.

«Кез келген турнирде әр команда жеңіске ұмтылады.

Оның үстіне 2021 жылы ғана құрылған команда бір жылдың ішінде С дивизионында 2-орынға ие болды. Осы қарқынмен ойыншылар жоғарғы лигадан үмітті. Дегенмен жарыс барысы Қазақстанның лайықты деңгейін көрсетті. Алдағы 2024 жылға арналған жоспарларға В дивизионының тұрақты ойындары кіреді.

Әзірге біздің мақсатымыз – әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалып, биылғыдан да жақсы нәтиже көрсету», – дейді Николай Шаршуков.

Чемпионаттың соңғы ойынында ел спортшылары британдық команданы 4:3 есебімен ұтып, турнирдің жалпы рейтингінде төртінші орынға тұрақтады.

Жарыс қорытындысы бойынша Жапония мен Словакия құрамалары парахоккейден А тобы бойынша әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды.

Жарыстың ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, SportQory, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақстан халқына» қоры, ҚР Ұлттық Паралимпиада комитеті және Астана қаласының Спорт басқармасы.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...