Now Reading
Қазақстанда бала асырап алушылар айына қанша алады?
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда бала асырап алушылар айына қанша алады?

Қазақстанда бала асырап алушылар айына қанша алады?

Асхат Аймағамбетовтің төрағалығымен Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті білім беру және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулердің тұсаукесерін өткізді. Білім вице-министрі түзетулер төрт негізгі бағытты қамтитынын, оның бірі – патронаттық кәсіпқой отбасылар институты болатынын атап өтті.

Жаңа бағыт Елбасының балалар үйіндегі тәрбиеленушілер санын азайту туралы тапсырмасымен байланысты. Балаларды балалар үйіне жібермей бірден осындай отбасыларға жібереді.

Бір патронаттық кәсіпқой отбасында баланың шекеулі саны — 4 адам. Бұл әрбір балаға ата-анасының толық көңіл бөлуі мен қамқорлығын қамтамасыз ету үшін жасалған. Ал бұл рөлге ие болғысы келетіндердің жасы 30 жастан 53 жасқа дейін болуы тиіс.

Жаңа мәртебе алуды қалайтын отбасы психологиялық дайындықтан өтуі керек, сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық органдарынан аккредитация алуы керек.

Сондай-ақ жаңашылдық – көшедегі, қараусыз қалған балалар мен арнайы әлеуметтік қызметке мұқтаж жандар отбасыларға бөлінетіндігінде.

Мұғалім ай сайын 70 АЕК алады. Әр баланы күтіп-бағу төлемі 10 АЕК құрайды.

Депутат Ирина Смирнова төлемнің төмен бағалағанына наразылық білдірді. Ол бұл төлемнің мөлшерін өмір сүру құнына немесе елдегі орташа жалақыға байланысты арттыруды ұсынды.

«Кәсіби патронат тәрбиешілерге баланы күтіп-бағуға төленетін төлем мөлшері қорғаншылыққа алынған отбасыларға, сондай-ақ патронаттық отбасыларға берілген балаларды күтуге төленетін жәрдемақы мөлшеріне ұқсас. Біз бұл мәселені ұзақ талқыладық, бірақ отбасын құрудың барлық нысандары үшін төлемдердің мөлшері бірдей болуы керек деген шешімге келдік», — деп түсіндірді вице-министр.

Оспанов заң жобасында қосымша білім беру ұйымдарына өз қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы құзыретті органдарды хабардар ету міндеті де енгізілгенін айтты. Түзету баланың жасын ескере отырып, тегін үйірмелер мен секциялардың болуын қамтамасыз етеді. Тағы бір жаңалық – жекеменшік мектептерде әлеуметтік осал отбасылар санатындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсетудің енгізілуі. Бұған киім-кешек, аяқ киім, оқу құралдары мен азық-түлік сатып алу кіреді.

Бұл функция жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін болады. Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру саласында онлайн оқыту және академиялық ұтқырлық енгізілуде.

Жиынға мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Айтылған ұсыныстардың барлығы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Айна Мүсірәлімова жетекшілік ететін жұмыс тобының отырыстарында қаралатын болады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×