Now Reading
Барлық қазақстандық оқушыларды тегін тамақтандыру ұсынылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Барлық қазақстандық оқушыларды тегін тамақтандыру ұсынылды

Барлық қазақстандық оқушыларды тегін тамақтандыру ұсынылды

Қазір еліміздегі мектептерде барлық оқушылар тегін тамақтанбайды, тек бастауыш сынып оқушылары мен жекелеген санаттағы отбасы балалары ғана тегін тамақтануға құқығы бар. «Мейірімділік үйі» қоғамдық қоры мектеп оқушыларының барлығын тегін тамақтандыру туралы ұсыныс жасады.

«Мейірімділік үйі» қорының директоры Аружан Саин БҰҰ және «Парасат» кәсіпкерлер альянсы және тиісті ұйымдар өкілдерімен мектеп және мектепке дейінгі тамақтануды жақсарту мәселесі бойынша онлайн кездесуде барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы ұсыныс жасады.

«Ата-аналардың шамасы жетпесе де мемлекетке балаларды тамақтандыру тиімді, өйткені дені сау ұрпақ өсіп келеді, бұл денсаулық сақтау бюджетін үнемдейді», — деді Аружан Саин.

Бұл идеяны БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек қолдады.

Ұсынысты тыңдағаннан кейін конференцияға қатысушылар күтілетін экономикалық нәтижені айтты:

«Егер мемлекет 1-11 сынып оқушыларының барлығын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етсе, ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен өңдеуге, қоғамдық тамақтануға үлкен инвестиция құйылады. Бұл – ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, логистика және қоғамдық тамақтандыру дамып, шағын және орта бизнес дамып, Қазақстан бойынша жүздеген мың жұмыс орындары пайда болады деген сөз», – дейді «Парасат» басшысы Олег Пак.

Онлайн жиынға қатысушылар «Парасат» алаңында мектеп және мектепке дейінгі тамақтануды жаңғырту мәселелері бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады. Оның құрамына қоғам қайраткерлері, қоғамдық тамақтандыру бірлестіктерінің, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ ғалымдар кіреді.

Бүгінгі таңда мектеп оқушыларына әкімдік тарапынан тегін тамақ берілуде.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×