Now Reading
Церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту: Шығыс Қазақстан облысында студенттер бірегей трансформациялаушы вертикализатор жасап шығарды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту: Шығыс Қазақстан облысында студенттер бірегей трансформациялаушы вертикализатор жасап шығарды

Церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту: Шығыс Қазақстан облысында студенттер бірегей трансформациялаушы вертикализатор жасап шығарды

Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде церебральды сал ауруына шалдыққан балалар мен жасөспірімдерге арналған отандық трансформацияланатын вертикализатор жасалып шығарылды.

Таңғажайып танымал механизмнің құндылығы да шетелдік аналогтарға қарағанда әлдеқайда функционалды және арзанырақ.

Мұндай жаңашылдық ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оңалту және емдеу саласында қаншалықты өзекті екені анық. Ал денесі әлі дамып келе жатқан жандар үшін бұл өте маңызды. Сонымен қатар бұл саладағы статистика көңіл көншітерлік емес: bala.stat.gov.kz сайтының мәліметі бойынша, Қазақстандағы барлық мүгедектігі бар балалардың үштен бірі тірек-қимыл аппаратында ақауы бар балалар.

Зерттелген 0 мен 17 жас аралығындағы мүгедектігі бар 9 мыңнан астам бала мен жасөспірімнің 3 мыңнан астамы тірек-қимыл аппаратына, соның ішінде церебральды сал ауруына қатысты проблемалары бар.

Сондықтан церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға қиын оңалту жолынан тезірек және тиімді өтуге көмектесу міндетін көздеген Аманжолов атындағы ШҚҰ студенттері мен оқытушылары қазақстандық вертикализаторды қолға алған.

«Жұмысымызды бастамас бұрын біз осындай балаларға арналған бірнеше оңалту орталықтарын аралап, мұғалімдер мен дәрігерлердің мұндай балалармен жұмыс істеу кезінде қандай қиындықтарға тап болатынын білдік. Жұмыс барысында пайдаланылатын құрал-жабдықтарда ақаулар бар екені анықталды. Отанымызда шығарылатын вертикализаторлар жоқ. Оларды тек сатып алуымыз керек. Бұл өте қымбат құрал. Егер қосалқы бөлшектері істен шықса, оларды ауыстыру мүмкін емес, оның үстіне балалар тез өсіп, құрал үйлеспей қалатыны тағы бар. Сондықтан вертикализатор жасау барысында біз осыны ескеру керек тырыстық», — деді жобасының жетекшісі, ШҚУ физика және технология кафедрасының профессоры Досым Ерболатұлы.

Жұмыстың нәтижесінде баланы шетелдік аналогтары сияқты бір қалыпта ғана емес, бірнеше позицияда – жату, тұру, отыру, сонымен қатар аралық позицияларда да бекітуге мүмкіндік беретін трансформацияланатын вертикализатор пайда болды. Сонымен қатар ол ұзақ қызмет ету мерзіміне арналған, өйткені пациенттің салмағының параметрлері 35 килограммен шектелмей 50-55 дейін арттыруға болады.

Жобаға университет студенттері қатысты, олардың арасында «Материалдарды өңдеу және машина жасаудағы бағдарламалау және құрылғылар» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенттері Нұралы Базаров пен Дамир Талғатбек болды.

Жас өнертапқыштардың айтуынша, шетелдік аналогтар қымбат. Сондай-ақ істен шыққан бөлшектерді табуда қиындықтар бар.

«Біз бар механизмдерді зерттедік. Олар тек кішкентай науқасты жатқызып, тігінен отырғызуға мүмкіндік береді. Біздің вертикализатор көптеген себептерге байланысты баланы оңалту мен дамытуда таптырмас құрал: арқада массаж механизмі болады, бүйірі, табан тірегі реттеледі, оны алып тастауға және салуға болады, екі жағынан шынтақ тірегіштері болады. Сондай-ақ тірек жастықтары, кітаптарды, сурет салуды, оқу ойындарын көруге арналған арнайы үстелдің орнатылғаны да маңызды,» — дейді Дамир Талғатбек.

Нұралы Базаровтың айтуынша құрылғы экологиялық таза ағаштан жасалған, қашықтан басқару пульті арқылы көлбеу бұрыштарын реттеуге болады. Вертикализатор әмбебап және қолдануға ыңғайлы және, ең бастысы, әлдеқайда арзан болды. Алдын ала болжам бойынша осындай бір вертикализаторды жасау үшін шамамен 220 мың теңге қажет, жеткізу құнын есепке алмағанда шетелдік аналогтар кемінде 1,5-2 миллион теңге тұрады. Баға айырмашылығы айтарлықтай.

«Жобаның әлеуметтік маңызды болуы біз үшін өте маңызды. Нәтижесін біз мақтан тұтамыз. Көптеген ғалымдар зерттеу жүргізеді, байқауларда жеңіске жетеді, бірақ кейін бұл зерттеу ешкімге пайдасыз болып шығады. Біз керісінше, өте танымал өзекті тақырыпты таңдадық, оны шешуге тырыстық: «Біздің ойлап тапқан құралымыз қоғамға өте қажет екеніне сенімдімін», — дейді Досым Ерболатұлы.

 

Церебральды сал ауруына шалдыққан балалардың ата-аналары құрылғыны сатып алғысы келеді.

Церебральды сал ауруымен ауыратын бес жасар Сашаның анасы Елена Озерцованың айтуынша, олар Ресейде жасалған шетелдік вертикализаторды сатып ала алмайды. Бұл құрал қымбат, бір жыл бұрын олар бұл құралды пайдаланып болған бір отбасыдан сатып алған, бірақ құрылғы тез істен шыққан. Оған қосалқы бөлшектерді көрші мемлекеттен әкелу мүмкін емес, өйткені ондай бөлшектер жоқ.

«Күйеуім екеуміз бұл вертикализаторға қатты қызығатынбыз. Біріншіден, бұл балаға көмектесетін өте қажетті механизм, екіншіден, ата-аналар мен баламен айналысатын мамандардың жұмсын әлдеқайда жеңілдетеді. Себебі қазір Саша денесін көтеріп, тік жүруі керек. Бұлшықеттердің атрофияланбауы үшін ол қандай да бір түрде дағдыларын шыңдауы тиіс. Бұл өте қиын. Бұл вертикализатор көп функциялы — бұл үлкен плюс. Орындық, төсек және үстел сатып алудың қажеті жоқ — бәрі су өткізбейтін. Сонымен қатар құны да… Менің ойымша, артықшылықтары өте көп», — дейді Елена.

Өскемендегі студенттер жасаған вертикализатордың әмбебаптығы мен мүмкіндіктері де мамандардың ризашылығына бөленді. «Demey» оңалту орталығының меңгерушісі Мәдина Ауренованың айтуынша, құрылғы шынымен де өте ыңғайлы.

«Қазір бұл формадағы нұсқалар мүлдем жоқ, бұл өте маңызды. Мұндай механизмдер өте ауыр және көп орын алады. Бірақ бұл жерде ол бірнеше нұсқаға бөлінеді. Маман және ерекше баланың анасы ретінде, Мен нақты айта аламын: үйде пайдалану үшін және арнайы емханалар мен орталықтар үшін өте қажет құрал. Бір ғана Өскеменнің өзінде ДЦП диагнозымен 98 бала бар және олардың барлығы мамандарға бармайды немесе емханаларға тіркелмеген. Әрине түрлі себептер бар, сонымен қатар бала төсекке таңылуы мүмкін. Сондықтан мұндай жабдық үйде жаттығуға көмектеседі», — деді Мәдина Ауренова.

Қазірдің өзінде көптеген ата-аналардан отандық өндірілген трансформерді бөліп төлеуге немесе несиеге алуға бола ма деген сұрақ туындауда. Бірақ профессор Досым Ерболатұлының айтуынша, механизм алдымен сынақтан өтіп, сертификатталуы керек – барлық кемшіліктер жойылып, содан кейін өндіріске енгізіледі.

Жақында біздің жобамыз «Ғылым қоры» АҚ байқауында жеңіске жеткені туралы қуанышты хабар алдық, бұл бізге өнеркәсіптік өндіріске шығуға көмектеседі. Сонда біз Шығыс Қазақстан облысын ғана емес, Қазақстанды да техникамен қамтамасыз ете аламыз», — дейді Досым. Ерболатұлы.

Бұған дейін құралды патенттеп, өндіріс орнын ұйымдастыру керек. Қазірдің өзінде вертикализаторды сатып алғысы келетіндердің бар екендігі маңызды, сонымен қатар церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды сауықтыру үшін арнайы кереуеттер мен орындықтар, дефектологтарға арналған үстелдер жасауға тапсырыстар қабылдануда.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
96
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Сабина Раон
May 22 2024 / 3:23 am
Здравствуйте. Программа Арендное жилье для молодежи в Алматы прошла в декабре, нам до сих пор не выдали квартиры и даже не опубликовали список прошедших по конкурсу . Кормят завтраками, нас 48 человек, готовы написать письмо в органы. Почему такое отношение к нам ?
Юлия Бекжанова
Jun 19 2024 / 7:56 pm
Моей матери, Кожановской Надежде Васильевне, 16.06.1963 г.р., пришло уведомление о назначении государственной базовой пенсионной выплаты, сумма 31688 тенге, но хотелось бы уточнить, что она с 1995 года инвалид 2 группы, а с 1999 года инвалид 2 группы бессрочно. В стаж для назначения базовой пенсии засчитали только года до назначения инвалидности это 14 лет, хотя должны были засчитать периоды получения соцвыплаты и освобождения от уплаты ОПВ, ОППВ. Так как в 2021 году приняли закон «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты РК по вопросам социальной защиты отдельных категорий граждан». Данный закон разработан в рамках исполнения Национального плана по обеспечению прав и улучшению качества жизни лиц с инвалидностью до 2025 года в целях совершенствования законодательства по вопросам социальной защиты отдельных категорий граждан, включая такие категории, как лица с инвалидностью. Так, вводились поправки в Закон РК «О пенсионном обеспечении в РК», которыми определено, что в стаж участия в пенсионной системе при предоставлении государственной базовой пенсионной выплаты засчитывается, в том числе период нахождения на инвалидности 2 группы бессрочно. Прошу дать разъяснение по этому поводу.
Оля Галкина
Jul 13 2024 / 10:16 am
Подскажите есть ли в г. Самаре фирмы которые могут помочь человеку с инвалидностью оборудовать ванную комнату?
Галина Чумакова
Oct 10 2024 / 7:49 am
на таможне россии и казахстана с автобуса можно запросить инвалидную коляску для прохождения таможни
Olga Borisowa
Nov 26 2024 / 6:12 pm
Пожалуйста помогите ради Аллаха 50000
Владимир Чурилов
Jan 04 / 9:44 am
Здравствуйте, меня зовут Владимир, я инвалид 2-й группы, хотел бы проконсультироваться у вас. В квартире до приватизации были прописаны три человека: тёща, моя жена и наша дочь, и во время приватизации в том же составе были прописаны, а когда приватизировали квартиру, оказалось, что дочь не участвовала в приватизации. Дочь на тот момент была несовершеннолетняя, я знаю, что несовершеннолетний ребёнок не может отказаться от приватизации, участвует в приватизации в любом случае, и за ним доля сохраняется всегда, а здесь, я думаю, оказали давление на тёщу и мою жену родственники жены для того, чтобы были только две половины и чтобы тёща им оставила вторую половину квартиры. Квартира состоит из трёх комнат, тёща давно умерла, а квартира не переоформлялась в течение 5-ти лет, да и сейчас неизвестно, оформили что-то или нет, потому что до сих пор на тёщу оформлены интернет, телевизор и телефон. Племянница с мужем сейчас вынудили мою дочь с двумя детьми и мужем уйти из квартиры и заняли две комнаты из трёх и живут припеваючи, а дочь снимает квартиру за 120 тысяч. Спрашиваю жену, почему позволила, чтоб дочь ушла из квартиры, она мне отвечает однозначно: сейчас повешусь или отравлюсь. Я, естественно, этого боюсь, я люблю свою жену, свою дочь, мы живем с 90-го года, я не мог повлиять на эту ситуацию после ампутации ноги, у меня была депрессия, и документы все попрятали так, чтобы я не смог их найти, жена тоже припёрла под горло, но сейчас я хорошо разбираюсь в компьютере, и у меня есть интернет, есть егов, если вы мне поможете, подскажете, как и куда можно обратиться, буду вам благодарен. С уважением, Владимир.
Снежана Самигулина
Jan 10 / 6:19 pm
Здравствуйте мой муж является инвалидом 2 группы почему для таких людей нету льгот в общественном транспорте в городе Кокшетау он работает содержит 3 несовершенно летних детей пособия едва хватает на хлеб с водой,где вообще у нас справедливость?
Снежана Самигулина
Jan 10 / 6:25 pm
Кто-нибудь даст мне ответ
добрый вечер что делать если молодежный практика прохот не по моей специальности и
Help to support this chat and get all time patron features.
  • Telegram synchronization
  • Chat history
  • Nickname mark
Top Patrons