Now Reading
Қазақстанда 97 отбасын қолдау орталығы ашылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда 97 отбасын қолдау орталығы ашылады

Қазақстанда 97 отбасын қолдау орталығы ашылады

Қазақстанда алдағы үш жылда 97 отбасын қолдау орталығы ашылады. 

Бұл орталықтарда басқа да қызметтермен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетіледі. Қазір бұл орталықтарда жұмыс істейтін кадрлар дайындалуда. 

Бұл орталық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектеседі. Адамдар бұл жерге басқа барар жер болмаған соң келеді, дейді құқық қорғаушы Анна Рыль. Соңғы бір айдың өзінде құқық қорғаушыдан жүзге жуық адам кеңес сұраған. Бұл отбасылық тирандардың құрбандары. 

Анна Рыль, құқық қорғаушы: 

— Біз әдетте көмек көрсетуді екі кезеңіне бөлеміз: кеңес беру – кеңседе психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер атқаратын жұмыс. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған кез келген адам тегін кеңес ала алады. Баспана барлығына қажет емес, әсіресе әлеуметтік осал топтарға тұрақтайтын баспана қажет. Қандай жағдай болмасын адамға заң көмегі қажет. 

Ішкі істер министрлігі келтірген статистика қорқынышты. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары агрессорлардың құрбандарына жақындауына тыйым салатын 68 мыңнан астам ұйғарым шығарған. Соңғы үш айдың өзінде 4 есе көп құқық бұзушы жауапкершілікке тартылған. Бұл заңнаманы қатайтқаннан кейін мүмкін болды. 

Игорь Лепеха, депутат. ҚР Ішкі істер министрі: 

— Көршілердің жанжал туралы телефон соққан жағдайлары жиі кездеседі. Оқиға орнына келеміз, бірақ әйелі арыз жазбайды. Біз кеткеннен кейін жанжал жалғасады. Енді біз ондай адамдарды алып кетеміз. 

Енді жанжал шығарушыны жауапқа тарту үшін сізге арыз жазу қажет емес. Тергеу кезінде жанжал шығарушыны оқшаулауға заң рұқсат береді. Қамау мерзімі ұзартылды: егер бұрын үш тәулікке дейін қамауға алынса, қазір – бес тәуліктен кем емес, қайталанған істер бойынша – 25 тәулікке қамауға алынады. Жәбірленушілермен татуласу тек бір рет және тек сот тәртібімен ғана жүзеге асырылады. Денсаулығына келтірілген зиян үшін үш жыл емес, 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі: 

— Жалпы, қазірдің өзінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар санының азайғаны байқалады. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жағдай шиеленіскен күйінде қалып отыр. Жыл басынан бері осындай фактілер бойынша полицияға 74 мыңнан астам қоңырау түскен.

 Зардап шеккендерге психологиялық көмек жиі қажет. Барлық өңірлерде 68 отбасын қолдау орталығы ашылды. Оның 19-ы уақытша баспанамен қамтамасыз етілген. Олардың барлығы «бір терезе» принципі бойынша жұмыс істейді. 

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі: 

— Қазіргі уақытта орталықтардың қызметі біркелкі емес екенін мойындаған жөн. Осыған байланысты министрлік отбасын қолдау орталықтарының бірыңғай тұжырымдамасының жобасын әзірлеуде. Мақсат — олардың қызметін стандарттау. Тағы бір маңызды бағыт – отбасыларды нашар әлеуметтік ортадан шығару бойынша жұмыста ведомствоаралық ынтымақтастықты құру. Келер жылдан бастап барлық отбасын қолдау орталықтарында жұмыстың бірыңғай тәсілдері енгізіледі. 

Мамандар атқарылып жатқан шаралармен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасын әзірлеу қажет деп есептейді. Бұл заңның қабылдануына бірнеше жыл бұрын құқық қорғаушылар бастамашы болған. Талқылаулар күні бүгінге дейін жалғасуда. 

Нұрия Ниязова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: 

– Соңғы кездері жұрт маған: «Заң қашан қабылданады?» деген сұрақты жиі қояды. Біз қазір жай ғана заңды қабылдау туралы айтып отырған жоқпыз, жақын арада түзетулер енгізбеу үшін оны барынша тиімді қабылдау керек. Практикалық қызметте апробация да қажет. Осы уақытта 800-ден астам адам отбасындағы жанжал шығарушының қолынан қаза тауып, тағы бірнеше мың адам жарақат алды. Бұл тек соңғы 4,5 жылдағы ғана көрсеткіштер.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×