Now Reading
Елордалық ЛОР дәрігері құлақ қалқанына жасалатын операцияға өзгеріс енгізді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордалық ЛОР дәрігері құлақ қалқанына жасалатын операцияға өзгеріс енгізді

Елордалық ЛОР дәрігері құлақ қалқанына жасалатын операцияға өзгеріс енгізді

Елордалық оториноларинголог дәрігер құлақ қалқанын қалпына келтірудің жаңа хирургиялық әдісін ойлап тапты.

Медет Маханбет материал ретінде сыртқы құлақтың шеміршегін пайдаланды. Оның айтуынша, бұл материал тезірек жазылады және дыбыс өткізгіштігі жақсы. Сонымен қатар болашақ түлегі дәстүрлі микроскопты эндоскопқа ауыстырды. Жас жігіт осылайша 70 ота жасап үлгерген. Барлық оталар сәтті өткен.

Айгүл Телегенованың өмірі 2002 жылы қатты өзгерген. Ол волейбол ойнап жүргенде басына доп тиіп, соққы алған. Нәтижесінде құлақ қалқаны жарылып кеткен. 20 жылдан астам уақыт бойы ол құлағы қатты ауырып келген. Бірнеше күн бұрын Ақтау тұрғыны Айгүлге ота жасалған. Құлақ жұмысын қалпына келтіру үшін астаналық дәрігер сыртқы құлақтан 2 см шеміршекті кесіп алған.

Айгүл Телегенова, науқас:

— Құлақ қалқаным ашық тұрғанда ауа кіреді, сосын ірің шығады, күнде ісінетін еді. Күнделікті сұйықтық та жиналатын еді. Тесік болғандықтан су кірмейтін етіп мақта тығып жүретін едім. Теңіз жағалауында тұрсам да теңізге ешқашан бармайтын едім, сонымен қатар құлақ ауырғаннан бассейнге де бара алмадым. Енді мен бассейнге барып, теңізде жүзе аламын деп үміттенемін.

Сәния Көпжасарова, тілші:

— Эндоскопиялық әдіспен құлақ қалқанын қалпына келтіру операциясы 5 елде ғана жасалады, дейді астаналық дәрігер. Америкада, Түркияда, Қытайда, Австралияда және Италияда. АҚШ пен Түркияда мұндай операциялар жолға қойылған. Қалғанында — жануарларға эксперимент ретінде сыналуда.

Ал отандық отоларинголог 70 науқасқа ота жасап үлгерді. Эндоскоп құлақ арнасының ішіне кесу жасауға мүмкіндік береді. Артықшылықтары – хирургиялық белгі 1,5 сантиметрлік сызатқа ұқсайды, дейді Медет Маханбет. Микроскопты пайдаланған кезде дәрігер құлақтың артындағы кесінді жасауға мәжбүр болады. Нәтижесінде науқаста өмір бойы он сантиметрлік тыртық қалады. Сонымен қатар бірінші жағдайда рецидив 5 пайызды, екіншісінде 15 пайызды құрайды. 13 жылдық жұмыс барысында «Болашақ» түлегі белгілі классикалық әдіспен 3 мыңнан астам операция жасаған. Дәрігер эндоскопиялық әдіс отандық медицина үшін жаңалық екеніне сенімді. Медет Маханбет, оториноларинголог:

– Бұл операцияны жасауды ешкім үйреткен жоқ. Біріншіден әдіс-тәсілдерді өз бетімше талдауды үйрендім. Мен бұл операцияны өзгерттім: көп адамдар трагустан шеміршекті алады, бірақ мен сыртқы құлақтан шеміршекті қолданамын. Бұл әдістің шамамен 50 пайызын өзім ойлап таптым. Бұл Қазақстан үшін бірнеше себептер бойынша тиімді. Науқас тезірек қалпына келеді. Екіншіден, бұл үнемді. Микроскоптың құны шамамен 30 миллион теңге, ал эндоскоптың құны 10 миллионға дейін жетеді. Науқастың стационарда болуы 3 күн, классикалық әдісті қолданғанда бір апта.

Елімізде жыл сайын ЛОР аурулары бойынша 18 мыңнан астам ота жасалады. Барлығы белгілі классикалық жолмен жасалады. Оның 9 мыңнан астамы құлаққа жасалатын оталар. Мұндай оталарға қазақстандықтар бір жыл, тіпті екі жыл бұрын кезекке тұруы керек. Бас штаттан тыс отоларингологтың міндетін атқарушы маман мұны мамандандырылған орталықтардың өткір тапшылығымен түсіндіреді. Елордада мұндай операциялар тек 2 ауруханада жасалады.

Әйгерім Бекежанова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас отоларингологы м.а.:

— Қазіргі уақытта порталда 12 мың адам тркелген. Жоспарланған ауруханаға жатқызу порталына кезегі қазірдің өзінде 2025 жылдың басына жеткен. Олардың күту уақыты бір жарым жыл. Бұл ЛОР мүшелерінің аурулары Қазақстанда өте өзекті екенін, олардың көп екенін және Қазақстанда ЛОР ауруханаларының өте аз екенін көрсетеді. Көбінесе адамдар ірі орталықтарға: Астана, Алматы және Шымкент қалаларына баруға тырысады. «Болашақ» түлегі Медет Маханбет отандық дәрігерлерді эндоскопиялық әдіспен оқытуға дайын екенін жасырмады. Әрине, егер олардың қалауы мен қызығушылығы болса.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×