Now Reading
Мүгедектерді қолдау – қоғам міндеті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мүгедектерді қолдау – қоғам міндеті

Мүгедектерді қолдау – қоғам міндеті

Тағдырдың тәлкегіне түссе де мойымай, қоғамға пайдасын тигізуге тырысып келе жатқан жарымжан жандарды қоғамға бейімдеу, олардың еңсесін тіктеп, өзгелер секілді өмір сүрулеріне қолайлы жағдай жасау, әлеуметтік тұрғыда қолдау – бүгінгі қоғамның басты талабы. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында еліміздегі ерекше қажеттіліктері бар азаматтар өздеріне тиесілі жеңілдіктерді пайдаланып қана қоймай, қоғам өміріне белсенді араласу мүмкіндігіне ие болуы қажет екендігін атап өткен болатын.

 

«Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз» деді Президент. Осыған орай, елордада мемлекет тарапынан әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға Қазақстан Республикасының заңы негізінде тегін медициналық көмек, мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет саласында ерекше көңіл бөлініп келеді.

 

Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мемлекеттік жәрдемақы түріндегі төлемдер алуға, баспанамен қамтамасыз етуге, өтемақы және жұмыс берушілер мен басқа да ұйымдар тарапынан берілетін қосымша әлеуметтік көмектер алуға құқылы. Астанада мұндай адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту, соның ішінде пандустармен, бейімделген лифтілермен, дәретханалармен, зағип жандарға арналған бағыттаушы белгілермен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағытта Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы да ауқымды жұмыстар атқарып келеді.

 

Көктал тұрғын алабында орналасқан «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы зейнеткерлік жасқа толған, өз бетінше қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайы бойынша көмекке мұқтаж адамдардың стационар жағдайында тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруына арналған. Орталық мамандары сондай-ақ мүгедек балаларға үйде күтім көрсету жағдайында және өзіне-өзі қыз­мет көрсету қабілетін ішінара жоғалтқан және бөгде адамның қолдауына мұқтаж қарт азаматтарға көмек көрсетеді.

 

Бүгінгі таңда орталықта 2 340 қызмет алушыға әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіліп келеді. Орталық мамандары оларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек, құқықтық, экономикалық, психологиялық қызметтерді ұсынады

 

Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Ардақ Сейітованың айтуынша, мекемеде зейнет жасына жеткен, бірінші және екінші топтағы мүгедектер мен ұдайы басқа адамның көмегіне және күтіміне мұқтаж жалғызілікті адамдар тұрады. 1989 жылдан бастап жұмысын жүргізіп келе жатқан мекеменің алғашқы мекенжайы Ж.Тәшенов көшесінің бойында орналасқанын, кейін 2007 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен Көктал-1 тұрғын алабында жаңа ғимарат ашылғанын елорданың байырғы тұрғындар жақсы біледі. Бүгінде бұл жерде 2 340 адамға әлеуметтік қызмет көрсетілуде.

 

– Мекеме қызметінің басым бағыты – бұл осында тұратын адамдардың қажеттілігін толық қамтамасыз ету, арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасын үнемі жақсарту және қызмет алушылардың әлеуметтік бейімделуін арттыру. Мұнда қарттар толық немесе жартылай қозғалу және өзіне қызмет көрсету қабілетінен айырылғандардың тұрақты және уақытша тұруы үшін 400 орын бар, онда қиын жағдайларға тап болған адамдар тұрады. Бүгінгі таңда орталықта 2 340 қыз­мет алушыға әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіліп келеді. Орталық мамандары оларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек, құқықтық, экономикалық, психологиялық қызметтерді ұсынады. Сондай-ақ мұнда күндізгі бөлімше жұмыс істейді. Бізде емдеу -дене шынықтыру кабинеті, сенсорлық бөлме, тұз шахтасы, бассейн, монша, скандинавиялық серуендеу, шахмат, дойбы, бильярд, тоғызқұмалақ, қолөнер, сәндік-қолданбалы өнер, подология кабинеті, физиокабинеттер, гидромассаждық ванналар, жылыжай, көшедегі тренажерлер бар. Алдағы уақытта күндізгі бөлім ашу, баскетбол, футбол алаңдарын ашу, орталық ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, иппотерапия бөлімшесін ашу жоспарланып отыр, – деді орталықтың стационар жағдайындағы бөлім жетекшісі Сәуле Қайырова.

 

Қарттар мен мүгедектердің оңалуын және қоғамға бейімделуін жүзеге асыратын орталық аумағының көлемі 4,8 гектар жерді алып жатыр. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қазіргі заманға сай 4 тұрғын блоктан тұрады. Олардың ішінде әкімшілік блок; асхана; кір жуатын бөлме; монша, бассейн; діни рәсімдер үйі; жеке қазандық; автогараж бар.

 

Орталықта жұмыс істейтін əлеуметтік қызметкерлер қызмет алушылардың əрқайсысымен жекелей қарым-қатынас орнатып, олардың талап-тілектерін тыңдап, мейлінше толыққанды өмір сүру салтын жеңілдетуге күш салуда. Олардың ішінде жалғызілікті зейнет­керлер, тыл еңбеккерлері мен тың және тыңайған жерлерді игеруге атсалысқан қарттар да бар. Тағдырлары тоғысқан қарттардың құлазыған көңіл-күйін жадыратып, мағынаға толтыру мақсатында «Шарапат» әлеу­меттік қызмет көрсету орталығы мәдени іс-шаралар ұйымдастыруға да аса мән беріп келеді.

 

Әлеуметтік қорғау жүйесі – үлкен жауапкершілікті, кәсіби біліктілікпен қатар адами қасиеттерді талап ететін сала. Осы бағытта сала қызметкерлері қажырлы еңбек етіп қана қоймай, кең жүрегімен, мейірбан көңілімен қамқорлыққа зәру жандарға қарайласып, көмек қолын созуда.

 

 

Дереккөз: Астана Ақшамы

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×