Now Reading
Қазақстанда әлеуметтік жұмыс орындарын субсидиялау тәсілі өзгереді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда әлеуметтік жұмыс орындарын субсидиялау тәсілі өзгереді

Қазақстанда әлеуметтік жұмыс орындарын субсидиялау тәсілі өзгереді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі субсидияланатын жұмыс орындарының тізбесіне, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдарға қойылатын талаптарға, олардың жалақысын субсидиялау мөлшері мен мерзімдеріне өзгерістер дайындады.

 

Атап айтқанда, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында жұмыс орындарын субсидиялауға өзгерістер енгізілуде. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес субсидиялар бөлу ұсынылады.

 

Қазір субсидия мөлшері 20 АЕК-тен кем емес (2023 жылы 69 000 теңге).

 

Жұмыс орындарын субсидиялауға қатысты да түзетулер енгізілуде:

 

* жұмыссыздар үшін – белгіленген жалақының 35%, бірақ ең төменгі жалақыдан аспауы керек;

* үкіметтік емес ұйымдар құрған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған мүгедектігі бар жандар – белгіленген жалақының 70 %, бірақ ең төменгі жалақыдан аспауы тиіс.

 

Бұл санаттар үшін де кемінде 20 АЕК субсидиялар көзделген.

 

Еңбек министрлігі түзетулер еңбек әлеміндегі ең төменгі әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ету және оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру үшін енгізіліп жатқанын түсіндірді.

 

Осылайша, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны мөлшерін 85 мың теңгеге дейін көтеру жоспарлануда.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...