28 және 29 қазанда Астанада Ақмола облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл жолы жәрмеңке Тұран даңғылы, 48, «Астана Арена» стадионының жанындағы алаңда өтеді.
Жәрмеңкеге 100 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен кәсіпорындар қатысады.
Елорда қонақтары мен тұрғындарына келесі өнімдер ұсынылады:
• Ет және шұжық өнімдері – 100 тонна;
• Картоп пен көкөністер – 50 тонна;
• Сүт өнімдері – 20 тонна;
• Жұмыртқа – 400 мың дана;
• Балық — 2 тонна;
• Ұн және макарон өнімдері – 25 тонна.
Жәрмеңке өнімдерінің бағасы дәстүрлі түрде нарықтағы бағадан төмен болады. Өнімнің жалпы көлемі 300 тоннадан асады.
Ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуеннің Астанаға аттануы 27 қазанда жоспарланған.