Атырауда ерекше балаларға арналған алғашқы мемлекеттік «Айна Лike» стационары ашылды.
Ол арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының базасында құрылған және 60 орынға есептелген. Облыста аутизмге шалдыққан және тірек-қимыл аппараты бұзылған 200-ден астам бала бар. Жаңа аурухананың мамандары олардың әлеуметтеніп, сапалы білім алуына көмектеседі.
Балаларды алғашқылардың бірі болып облыс әкімі құттықтады.
Әлия Шанбаева, Атырау қаласының тұрғыны:
— Атырауда ерекше балалар көп, ата-аналар көбіне олармен қайда барарын білмей, үйде отырады. Қалаға бұл аурухана керек болды. Мұнда дефектолог, психолог, кәсіби терапевт жұмыс істейді. Балалар үшін арнайы әдістеме мен жеке тәсіл әзірленуде. Біз осындай аурухананың ашылғанына қуаныштымыз.
Стационар қызметкерлері арнайы курстардан өтті. Олар балаларды жеке бағдарлама бойынша қабылдайды. Мамандар жас тұрғындарға педагогикалық, медициналық және психологиялық көмек көрсетеді.
Анар Каюпова, №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры:
— Стационар барлығы 60 баланы, күніне 30 – 2 рет қабылдауды жоспарлап отырмыз. Біздің мамандар олармен жеке жұмыс жасайды. Мұндай мекеме облыста тұңғыш рет ашылып отыр. Барлық қызметтер тегін. Өңірдегі мұнай сервистік компаниялар ғимаратты толық қалпына келтіруге және техникалық жабдықтарға демеушілік көрсетті. «НСОС» компаниясы балаларға ойын алаңын салып, «Теңізшевройл» ауруханаға 8 орындық инватакси және оңалту жабдықтарын ұсынды.