Now Reading
Ләззат Қалтаева Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ләззат Қалтаева Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы болды

Ләззат Қалтаева Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы болды

Сенатта Инклюзия жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

 

Оның қатысушылары кездесу барысында төрағаны таңдап, алдағы жұмыс жоспарын талқылады.

Сенат жанынан Инклюзия кеңесі құрылды. Бұл туралы ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткен «Мүгедектігі бар жандардың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті. Кеңес мүшелері мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартуға бағытталған ұсыныстар мен оларды жүзеге асыру жолдарын әзірлеуі тиіс.

 

 

Отырыс барысында қатысушылар Кеңес төрағасын сайлады. Ол сенатор Ләззат Қалтаева болды. Парламентарий әріптестеріне алғыс айтып, Кеңес жұмысының негізгі бағыттарын атап өтті.

 

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөлуде. Бұл олардың өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік беретін заңнамалық және институционалдық базаны жетілдіруге де қатысты. Парламент Сенатында мұндай жұмыс палата төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қолдауымен жүйелі негізде жүргізіледі. Кеңес мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми және басқа да ұйымдардың ынтымақтастығы алаңы болып табылады, оның мақсаты мүгедектігі бар жандардың құқықтарын қорғау, оларға тең мүмкіндіктер жасау және қоғамның барлық салаларына қатысуға қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады».

 

Жиынға сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, сарапшылар мен мүдделі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...