Now Reading
Астанада «QYSQY JUGIRU» жарысына тіркелу басталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада «QYSQY JUGIRU» жарысына тіркелу басталды

Астанада «QYSQY JUGIRU» жарысына тіркелу басталды

Астанада 24 желтоқсанда Триатлон саябағында жыл сайынғы QYSQY JUGIRU жарысы өтеді. Жарыстың негізгі қашықтығы – 10 шақырым, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байқауға 18-29 жас, 30-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас, 60 жас және одан жоғары жастағы жоғарыда аталған қашықтықты еңсере алатын қызығушылық танытқандар (ерлер мен әйелдер) шақырылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың мақсаты – елордада бұқаралық спортты кеңінен дамыту, қала тұрғындары мен қонақтары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлт денсаулығын нығайту.

Мәреге жеткен әрбір қатысушы медальмен марапатталады, ал әр жас категориясы бойынша жеңімпаздар сертификаттармен марапатталады.

Старт пакеттері Б.Момышұлы даңғылы, 2б, №1 кабинетте ұсынылады.

Қатысушыларды тіркеу www.astanatriathlon.kz сайтында жүзеге асырылады.

Айта кетейік, егер қатысушылар саны шекке жетсе, тіркеу алдын ала жабылуы мүмкін.

Жарыс туралы барлық ақпарат Астана қалалық триатлон федерациясының @astana_triathlon әлеуметтік желілердегі парақшасында жарияланады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...