Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының директоры Ерлан Дәкенов пен әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева ерекше балалармен және олардың ата-аналарымен кездесті.
«Бақытты шаңырақ» қоғамдық қоры ұйымдастырған жиынға халықаралық, республикалық байқаулардың қатысушылары мен жүлдегерлері және олардың аналары келді.
Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда мүмкіндігі шектеулі жандар да жұмыс істейді. Олар әлемдік сахналарда өнер көрсетеді. Баланы еш нәрсе шектей алмайды деп ойлаймын, әсіресе оның таланты мен қалауы болса. Сахнаға шыққанда өнерін көрермен бағалайтын өнерпаз. «Мен ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды толық қолдаймын», — деді Светлана Айтбаева.
Әнші жас өнерпаздарды арман жолында тоқтап қалмауға, домбыра, фортепиано, скрипка және басқа да аспаптарда ойнауды үйренуге шақырды.
Ерлан Дәкенов дарынды балаларға қолдау көрсетуге әрқашан дайын екенін атап өтті.
Айтпақшы, жиынға қатысқан таланттардың бірі Абылай Мұстафин таяуда Италия мен Түркияда өткен халықаралық турнирлерге қатысып қайтты. Ол байқауларда Димаш Құдайбергеннің «Ұмытылмас күндер» әнін орындады.
Кездесу барысында балалар Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаеваға оның балалық шағы мен шығармашылық жолы туралы сұрақтар қойды, содан кейін олар өздерінің ең жақсы ән нөмірлерін орындады.