Now Reading
Жалағаш ауданында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Жалағаш ауданында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Жалағаш ауданында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Қызылорда облысы Мырзабай ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Бұл – Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында биыл салынған 15 медициналық нысанның бірі.

 

«Егер ұлттың денсаулығы жақсы болса, қоғам тұрақты дамиды. Бұл, ең алдымен, медициналық қызметтердің қолжетімділігі және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша облыстың елді мекендерінде 27 медициналық нысанның құрылысы жоспарлануда. Бүгінгі таңда 15 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Жаңа нысан ауылдағы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға қызмет етсін», – деді дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

 

Ашылу барысында денсаулық сақтау саласының үздігі Абдолла Шуленбаев тұрғындарды құттықтап, бата берді. Ғимараттың ішінде тіркеу орны, дәріхана посты, қабылдау, изолятор, физиотерапиялық емдеу, егу бөлмелері, зертхана, мұрағат, күндізгі стационар, жалпы практика дәрігерінің кабинеті бар, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдайлар жасалған.

 

Әкімдіктің мәліметінше, биыл облыс бюджеті 57 пайызға өсіп, 609 миллиард теңгені құраған. Қаражаттың басым бөлігі әлеуметтік салаға бөлінді. Оның ішінде денсаулық сақтау саласын дамытуға 138 млрд 600 млн теңге бөлінген. Қызылордада ауысымына 100 келушіге арналған емхана мен онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпсалалы аурухананың құрылысы басталды. Құны 2 миллиард 900 миллион теңгені құрайтын қан орталығы жақын күндері пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, 9 медициналық нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 5 нысанда жылу газға көшірілді.

 

Жыл соңына дейін көпсалалы аудандық аурухана жанынан 70 төсектік перинаталдық орталық, Досан кентіндегі медициналық пункт, Жаңақорған ауданындағы көпбейінді аудандық аурухананык базасында «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы ашылады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...