Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысының жоғары қарқыны жалғасуда. Облыс орталығы ғана емес, моноқалалар мен аудандар да салынуда. Қазірдің өзінде әлеуметтік қорғалатын санаттағы 900-ге жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. Жыл соңына дейін Осакаровка мен Нұрада тағы бірнеше екі пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілмек.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету өңірдегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Облыста 400 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Қарағанды, Шахтинск, Абай, Балқаш, Қарқаралы қалаларында және Шет ауданының Ағадыр ауылында кезекте тұрғандар үшін жаңа үйлер салынды.
Сонымен қатар, барлық қалалар мен облыстарда кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін пәтерлер сатып алынуда. Биылғы жылы тұрғын үй сатып алу бойынша үздік үштікті Бұқар жырау ауданы, Теміртау және Саран қалалары құрады.
Жас отбасыларға, сондай-ақ кеншілер мен металлургтерге арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар тұрғын үй мәселесін шешуге септігін тигізеді.