Now Reading
Екібастұзда кезекте тұрған 40 адам жаңа жылды өз баспаналарында қарсы алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Екібастұзда кезекте тұрған 40 адам жаңа жылды өз баспаналарында қарсы алады

Екібастұзда кезекте тұрған 40 адам жаңа жылды өз баспаналарында қарсы алады

Мереке қарсаңында кезекте тұрған екібастұздықтарға жаңа ғимараттан пәтер кілттері табыс етілді. Олар үшін бұл көптен күткен оқиға.

 

Жақында Марденова, 20 мекенжайында орналасқан 72 пәтерлі тоғыз қабатты үй пайдалануға берілді.

 

Бүгін жетім балалар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы және мүгедектігі бар жандар жаңа ғимараттан пәтер кілттерін алды. Барлығы 40 отбасы.

 

«Шаңырақ» және «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша «Отбасы банк» кезекте тұрғандар үшін тағы 32 пәтер сатылады.

 

«Біз халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлеміз және бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз. «Жаңа тұрғындарды шын жүректен құттықтаймын және бұл пәтерлер қуаныш, жайлылық пен амандық әкелсін», — деді облыс әкімі Асайн Байханов жаңа тұрғындарға.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...