«Ерекше балалар аймақтарда көмек ала алады»: ең үздік қайырымдылық қоры аталды
Астанада өткен ІІ Корпоративтік қайырымдылық форумында
«Үздік қайырымдылық қоры» арнайы сыйлығын «Қазақстанның Еңбек ері» атағының иегері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ардагерлер ұйымы» Облыстық қоғамдық ұйымының Орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов табыс етті. Марапаттау рәсімі Қор жұмысын қорытындылауға арналған II Корпоративтік қайырымдылық форумы аясында өтті.
«Ардагерлер ұйымы» шешімімен «Ақ Бата» номинациясында «Үздік қайырымдылық қоры» атағы Қазақстандағы қайырымдылықты, еріктілер қозғалысын дамытуды ынталандыру бойынша «Samruk-Kazyna Trust» қорына берілді.
«Сіздер үлкен спорт кешендері мен алаңшаларын, заманауи оңалту орталықтарын салуға бастамашы болдыңыз, соның арқасында ерекше балалар мен ата-аналар өздері тұратын өңірлерде көмек ала алады. Еліміздің гүлденуіне зор үлес қосып келесіздер. Жақсылық пен шынайы жасалған істердің қоры ретінде қалуыңызды тілеймін», – деді Бақтықожа Ізмұхамбетов.
«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қоры 2023 жылы денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім беру, мәдениет және спорт сияқты салаларда жалпы құны 7,2 миллиард теңгені құрайтын 46 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.