Now Reading
Астанада Алғыс айту күніне арналған қайырымдылық акциясы өтті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада Алғыс айту күніне арналған қайырымдылық акциясы өтті

Астанада Алғыс айту күніне арналған қайырымдылық акциясы өтті

Елордадағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Алғыс айту күнін мерекелеуге арналған қайырымдылық шарасы өтті.

 

Алғыс айту күні қарсаңында дәстүрлі түрде «Шарапат» орталығына елордадағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері келді. Олар мекеме қонақтарына мазмұнды концерттік бағдарлама мен ұлттық тағамдар дайындады.

 

— Біздің орталықта 350 адам тұрады, тағы 560 адам үйде қызмет көрсетеді. Бұл 16-дан астам ұлттың өкілдері, сондықтан бұл мереке олардың әрқайсысы үшін ерекше қымбат. Бүгінде біз қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға ерекше көңіл бөлеміз. Шараға қатысушылардың барлығына алғысымызды білдіреміз, назарларыңызға, жылы лебіздеріңіз үшін рахмет», – деді «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Сәуле Қайырова.

Өзбек этномәдени орталығының мүшелері де аға буын өкілдерін мерекемен құттықтауға келді.

 

— Біз жыл сайын ақсақалдарымызға құрмет көрсетуге уақыт табамыз. Біз зейнеткерлердің өздерін ұмытылып, жалғызсырап қалмауын қалаймыз, сондықтан да осындай үлкен концерттер ұйымдастырып, түрлі ұлттық тағамдардан дәм-тұздар әкелеміз», – дейді өзбек этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Хасан Шарипов.

 

Шараны елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды. Игі іске қала әкімдігі мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қосылды.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...