Now Reading
Петропавл тұрғындары «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан жаңа баспаналардың сапасына шағымдануда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Петропавл тұрғындары «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан жаңа баспаналардың сапасына шағымдануда

Петропавл тұрғындары «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан жаңа баспаналардың сапасына шағымдануда

Тұрғындардың айтуынша, пәтерлерде ыстық су және жылу да жоқ.

 

Петропавлда «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспана алғандар оның сапасына шағымданады. Тұрғындардың айтуынша, пайдалануға берілгеніне жарты жыл ғана болған пәтерлерге ыстық су да, жылу да дұрыс келмейді.

 

Сондай-ақ жетім балалар мен мүгедектігі бар жандарға берілетін баспанада бұдан басқа да кемшіліктер көп екенін айтады.

 

Мемлекеттік бағдарлама бойынша жаңа тұрғын үйден пәтер алғандардың бірі – Олег Салов. Ер адам алты ай бұрын отбасымен жаңа үйге көшкен. Содан бері қабырғаларда жарықтар пайда болып, төбесі көгерген.

 

«Сонымен қатар, олар әлі ыстық суды қоспаған. Қыс бойы пәтерде суық болды. Кішкентай баламыз бар. Оны шомылдыру үшін, әрине, ыстық су қажет. Ыдыс-аяқты дұрыс жууға болмайды және таңертең жұмысқа дайындалғанда жуынуға қиын. Осының кесірінен қолайсыздықтар көп», – дейді Олег Салов.

 

Тұрғындардың басым бөлігі «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер алды. Айтуларынша, кейбіреулердің 10 жылдан астам күткен баспанаға қол жеткізу қуанышы ұзаққа бармады. Пәтерлердің жартысы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедектігі бар адамдарға берілді. Халық құрылысы аяқталмаған ғимараттан пәтер берілгеніне наразы.

 

«Әкімдікке хабарласып, арыз жаздық. Комиссия келіп тексерді, бірақ ешқандай өзгеріс енгізілмеді. Барлық мәселелер қалды. Жылу мәселесі әлі шешілген жоқ», — дейді Петропавл тұрғыны Анастасия Кормина.

 

Ал әкімдікте байланыс желісі жоқ үйдің қалай пайдалануға берілгенін де білмейтін сияқты. Мемлекеттік қызметкерлердің айтуынша, енді мердігер тұрғындардың шағымы бойынша барлық кемшіліктерді түзетуі тиіс.

 

«Бұл үйлер енді ғана тапсырылды. Мердігер тарапынан кепілдік мерзімі бар. Тиісінше, ол жаңа үйдегі барлық мәселелерді өз қаражатына жояды», — деді Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

 

Дегенмен, тұрғындар туындаған мәселелердің тез арада шешілуін талап етуде. Жақын арада ақаулар жойылмаса, облыс әкіміне хабарласпақ ниетте.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×