Now Reading
Бір түнде елордадан 20 мың текше метрден астам қар шығарылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Бір түнде елордадан 20 мың текше метрден астам қар шығарылды

Бір түнде елордадан 20 мың текше метрден астам қар шығарылды

Бір түнде елордадан 20 мың текше метрден астам қар шығарылды

 

Елордада қар тазалау жұмыстарына 2,5 мыңнан астам жол жұмысшысы қатысуда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

 

14 наурыз күні таңертең елорда көшелерін қар мен мұздан тазартуға 1200-ге жуық арнайы техника мен 2,5 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты.

 

Наурыздың 13-інен 14-іне қараған түні елордадан 1500-ге жуық ауыр жүк көлігі рейсі 20 мың текше метрден астам қар шығарды.

 

Жалпы, қысқы кезең басынан бері қар үйінділеріне 462,7 мың жүк көлігінің көлеміне тең 6,26 млн текше метр қар тасымалданды.

 

Қалада қар шығару жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Ең алдымен орталық көшелер, жолаушылар тасымалы бағыттары, аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолы тазаланады.

 

Көктайғақ кезінде азаматтардың ыңғайлы қозғалысы үшін жолдарға, тротуарларға және көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. Сондай-ақ, көлік жүргізушілерінен жолда абай болып, жылдамдықты сақтауды сұраймыз.

 

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...