Now Reading
540 мыңға жуық қазақстандық мүгедектік бойынша жәрдемақы алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 540 мыңға жуық қазақстандық мүгедектік бойынша жәрдемақы алады

540 мыңға жуық қазақстандық мүгедектік бойынша жәрдемақы алады

Қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер түрінде шамамен 114,6 млрд теңге төленді.

 

Жыл басынан бері мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен шамамен 101,4 млрд теңге бағытталды. Сонымен қатар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 13,2 млрд теңгеге жуық сомаға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер жүргізілді.

 

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны шамамен 539,7 мың адамды, ал асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 194,6 мыңға жуық адамды құрайды.

 

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

 

Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушысының асырауындағылардың санына, қайтыс болу себебіне және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты.

 

Сонымен қатар, әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алады. Мәселен, 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 89,3 мың адам еңбекке қабілеттілігін жоғалту бойынша, 59,9 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақы алды.

 

Төлемдердің мөлшері жеке болып табылады және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, мүгедектік деңгейі, асырауындағылар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу және табысты ауыстыру өтілі. Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.

 

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап өмір сүру минимумының өсуіне байланысты мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 7%-ға ұлғайтылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер мөлшері де 7%-ға артты.

 

Мәселен, ағымдағы жылы жалпы аурудан мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 1-топқа – 95496 теңге, 2-топқа – 76397 теңге, 3-топқа – 52089 теңге.

 

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері мүгедектік бойынша – 57 905 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 57 143 теңгені құрайды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×