Мүгедектігі бар адамдарды қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде 15 сәуірден бастап Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы әлеуметтік қызметтер порталында оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ) жедел жеткізуді іске асыру жөніндегі пилоттық жоба іске қосылады.
Мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл қызмет оңалту құралдарын алудың екі әдісін қарастырады: алып кету және жеткізу. Бүгінгі күні жеткізу сәлемдемелерді қабылдау пункті арқылы жүзеге асырылады, ал өңдеуден кейін курьерге беріледі. Орташа алғанда, бұл процесс 8 күнге созылады.
Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде ОТҚ-ның барлық түрлерін 1 күн ішінде жеткізуді қамтамасыз ету жоспарлануда. Жедел жеткізу операторы «Яндекс Деливери Кейзет» ЖШС курьерлік қызметі болады.
Пилоттық жоба бізге тауарлар мен қызметтерді жедел жеткізудің тиімділігін бағалауға және оң нәтиже болған жағдайда оны Қазақстанның бүкіл аумағына тарату туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.