Бүгінгі таңда мектеп оқулықтарын цифрлық форматқа көшіру 100% құрайды. Олар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендердің тізіміне енгізілген.
Цифрлық оқулықтар еліміздегі 13 баспаның 11 платформасында әзірленген.
«Пәндерді оқытуға инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында оқытушылардың пайдалануы үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Мұғалімдер заманауи цифрлық технологияларды, онлайн коммуникацияларды, саралау мен даралауды пайдалана отырып сабақ өткізеді, сондай-ақ онлайн-ресурстарды пайдалану бойынша білімдерін жетілдіреді», — деді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Білім сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.
Сонымен қатар, робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша 1345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 20 облыстағы 1072 мектеп заманауи үлгідегі кабинеттермен жабдықталады.