Now Reading
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің арнайы қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тұрақты бақылауда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің арнайы қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тұрақты бақылауда

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің арнайы қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тұрақты бақылауда

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің арнайы қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тұрақты бақылауда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жакупова жұмыс сапары барысында Қостанай облыстық мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығында болып, арнайы әлеуметтік қызмет алушылармен және мекемеде уақытша орналасқан су тасқынынан зардап шеккендермен кездесті. Ведомство басшысы су тасқыны кезінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін барлық орталықтардың қызметі ерекше бақылауда екенін баса айтты.

 

Оңалту орталығы өз қызметін 2012 жылы бастады. Мекеме басшысы Ділмұхамед Спановтың айтуынша, мұнда тұрмыстық жағдайларға жақын өмір сүру жағдайлары жасалған, сондай-ақ жеке қажеттіліктерді ескере отырып арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі, олар жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтенуге және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қоғамға интеграциялануына бағытталған.

 

Қазіргі уақытта орталықта су тасқынынан зардап шеккен 15 адам уақытша орналастырылды, оның ішінде мүгедектігі бар 4 адам.

 

«Қазір облыстық оңалту орталығында жатырмыз. Бізде су тасқыны бар. Олар бізді қабылдады, күтімі жақсы, таза, жылы, құрғақ, үш мезгіл тамақтанамыз. Барлығы жақсы, медициналық көмек бар», – дейді су тасқынынан зардап шеккендердің бірі Галина Залялова.

 

«Менің барлығына, барша көмек көрсетіп жаққан адамдарға алғысым шексіз. Олар бізге соншалықты көңіл бөледі, қамқорлық жасайды, киімдерімізді жуады, жақсы тамақтандырады. Өте жақсы адамдар. Қанша өмір сүрем, сонша уақыт осы орталыққа алғыс айтамын», — деп қосты су тасқыны аймағынан эвакуацияланғаннан кейінгі орталықта орналасқан Сталина Кузнецова.

 

Өз кезегінде Светлана Жакупова медициналық-әлеуметтік мекемелердің үздіксіз жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.

 

«Қазіргі таңда республика бойынша қарттар мен мүгедектігі бар жандарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 118 орталықтың барлығы қалыпты режимде жұмыс істейді. Министрлік бірқатар өңірлерде төтенше жағдай жарияланғанын ескере отырып, аталған ұйымдардағы жағдайды және олардың қызметін тұрақты бақылауда. Азаматтарымыздың қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуын жалғастыру өте маңызды», — деді министр.

 

Естеріңізге сала кетейік, су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың жекелеген санаттарына қажетті жағдай мен қамқорлық жасау мақсатында оларды мамандандырылған ұйымдарға орналастыру шаралары қабылданған болатын. Көп балалы отбасы мүшелері, қарттар мен мүгедектігі бар жандар денсаулық жағдайына қарай оңалту орталықтарына, ауруханаларға және басқа да мекемелерге орналастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×