Білім министрі 2024 жылғы 29 сәуірдегі бұйрықпен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізді.
Гимназиялар мен лицейлердің бірінші сыныбына балаларды қабылдау кезінде емтихандар алынып тасталады.
Халықтың әлеуметтік осал санаттарының тізбесі кеңейтілді, олардың ішінен білім алушылардың 15%-ы мамандандырылған Білім беру ұйымдарына оқуға қабылданатындардың жалпы санынан іріктеледі. Енді оған мыналар кіреді:
ауылдық жерлерден мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалар;
ата-аналарының бірінің бірінші топтағы мүгедектігі бар балалар;
мүгедектігі бар баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасында тұратын балалар;
төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
аналары «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ 1 және 2-дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы отбасы балалары;
экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде баспанасынан айырылған отбасылар;
мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңiстiгiне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары.
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін конкурсқа қатысу туралы өтінішті белгіленген мерзімнен кейін беру немесе құжаттардың толық емес пакеті негіз болып табылады.