Now Reading
Жетісу спортшыларының пара пауэрлифтингтен Әлем Кубогындағы жетістіктері
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Жетісу спортшыларының пара пауэрлифтингтен Әлем Кубогындағы жетістіктері

Жетісу спортшыларының пара пауэрлифтингтен Әлем Кубогындағы жетістіктері

Жетісу спортшыларының пара пауэрлифтингтен Әлем Кубогындағы жетістіктері

 

Жетісу спортшылары Әлем Кубогының жүлдегерлері атанды.

Таиландта 5-12 мамыр аралығында Паттайя қаласында тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар арасында пара пауэрлифтингтен әлем кубогына Жетісу өңірінен 3 спортшы қатысып, әрқайсысы жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, бұл халықаралық жарысқа әлемнің 33 елінен 150-ден астам спортшы қатысты. Нәтижесінде Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы Раушан Қойшыбаева, Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат Әйгерім Айдарқызы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Рахметжан Хамаев чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

 

Осылайша, Раушан Қойшыбаева үздік нәтижеде де, жалпы нәтижеде де, ардагерлер арасында да, «Аңыз» арнайы номинациясында да I-орынға ие болды. Айгерім Айдарқызы жасөспірімдер арасында I-орын және жалпы нәтиже, сонымен қатар ересектер арасында III-орынды иеленді. Рахметжан Хамаевқа келсек, ол ең үздік нәтиже бойынша ІІ орынды және жалпы нәтиже бойынша ІІІ орынды иеленді.

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...