Now Reading
Алматы облысында азық-түлік жеткізушілері жетім балалардан пайда тапқан
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматы облысында азық-түлік жеткізушілері жетім балалардан пайда тапқан

Алматы облысында азық-түлік жеткізушілері жетім балалардан пайда тапқан

Алматы облысында азық-түлік жеткізушілері жетім балалардан пайда тапқан

Алматы облысында компания балалар үйіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін 153%-ға дейін үстеме бағамен жеткізді.

Алматы облысындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жоғарылатылған бағамен сатып алу фактілері анықталды. Бүгінде орталықта кәмелетке толмаған 120-дан астам бала тәрбиеленуде.

 

«Агенттік жеткізуші нанды 140 теңгеге сатып алып, оны балалар үйіне 354 теңгеге (153 пайыз үстемемен) жеткізгенін анықтады. Сондай – ақ оларға: қарақұмық жармасы – 145% (килограмына 281 теңге орнына, 687 теңге), күнбағыс майы-63% (600 теңге орнына, 977 теңге), түйіршіктелген қант – 38% (350 теңге орнына, 480 теңге )», — Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі нақтылайды.

 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең жоғары сауда үстемесінің мөлшері 15%-дан аспауы тиіс.

 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өнім беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, орталықпен жасалған жеткізу шарты 1,3 млн теңгеге төмендеу жағына қарай қайта қаралды.

 

Сондай-ақ, агенттік қабылдаған шаралар шеңберінде өңірдің бірқатар балабақшалары жеткізушілермен сатып алу бағасын 3,9 млн теңгеге төмендете отырып, қосымша келісімдер жасасты.

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...