Now Reading
Қазақстандағы балалар лагеріне кім тегін жолдама ала алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандағы балалар лагеріне кім тегін жолдама ала алады

Қазақстандағы балалар лагеріне кім тегін жолдама ала алады

Қазақстандағы балалар лагеріне кім тегін жолдама ала алады

Су тасқыны аймақтарындағы және халықтың әлеуметтік осал топтарындағы оқушыларға басымдық беріледі.

 

20 мың қазақстандық бала жазғы демалыста тегін демалатын болады. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі мектеп оқушыларына, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары мен ауылдық жерлердегі көп балалы отбасылардың балаларына басымдық беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті.

 

Бүгінгі күні су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден 614 бала бұл демалысты пайдаланып үлгерді. Жақын арада тағы 3 883 баланы демалысқа жіберу жоспарлануда.

 

Ел бойынша 2,9 миллион бала жазғы демалысын 10 743 демалыс лагерінде өткізеді:

 

10 мың – жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру орталықтарында,

 

240 мың – қала маңындағы лагерьлерде,

 

2,6 млн – мектепте,

 

75 мың – шатырлы және киіз үй қалашықтарында.

 

«Ұлы дала кереметі», Jas galym, «Гастро туризм», «Бір күн қалада», «Қонақ отбасы» сынды өңірлерде жазғы демалысты ұйымдастыру жобалары жүзеге асырылуда. Министрлік қосымша 120 мың педагог-ұйымдастырушыны оқытты. Бұл шараларға 12 мыңнан астам студенттер мен еріктілер де қатысады.

 

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...