Now Reading
‎30 мамырда «Халық заңгері» акциясы аясында қазақстандықтарға танымал заңгерлер мен мемлекеттік органдар тегін кеңес береді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > ‎30 мамырда «Халық заңгері» акциясы аясында қазақстандықтарға танымал заңгерлер мен мемлекеттік органдар тегін кеңес береді

‎30 мамырда «Халық заңгері» акциясы аясында қазақстандықтарға танымал заңгерлер мен мемлекеттік органдар тегін кеңес береді

‎30 мамырда «Халық заңгері» акциясы аясында қазақстандықтарға танымал заңгерлер мен мемлекеттік органдар тегін кеңес береді

Қазақстанның қалалары мен елді мекендерінде «Халық заңгері» кең ауқымды республикалық акциясы басталып жатыр. Құқықтың барлық саласының жетекші сарапшылары тұрғындарды қызықтыратын барлық мәселелер бойынша тегін кеңес береді.

«Халық заңгері» республикалық акциясы аясында еліміздің қалалары мен елді мекендеріндегі кез келген адам тегін заңгерлік кеңес алып, мемлекеттік органдардың өкілдерімен тікелей байланыса алады.

Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған. «Халық заңгері» шарасына белгілі қазақстандық заңгерлер, нотариустар, судьялар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мекемесінің қызметкерлері, әділет, салық органдары, жылжымайтын мүлікті тіркеу департаменті және тағы басқалар қатысады. Ұйымдастырушылар сізді қызықтыратын іс бойынша құжаттарыңызды өзіңізбен бірге сарапшылармен және мемлекеттік органдармен кездесуге алып баруды ұсынады, сонда олар сізге толық және сапалы кеңестер бере алады.

«Халық заңгері» республикалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалалары мен елді мекендерінде бір уақытта басталады.

Халық заңгерінің географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. Жыл сайын акцияға ірі қалалардан бөлек, еліміздің барлық өңірлеріндегі аудан орталықтары, ауылдар да қосылады.

2016 жылдан бері шараға 8 мыңнан астам сарапшы мен мемлекеттік шешім қабылдаушы органдардың өкілдері қатысты. Заң көмегіне жүгінген 165 мыңнан астам адам кеңес алды.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен өтеді, ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Zakon.kz интернет-басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық заңгерлер колледжі, мемлекеттік органдар, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Айта кетерлігі, «Халық заңгері» республикалық акциясы аясындағы барлық кеңес берулер мүлдем тегін. Бұл азаматтық қоғамды дамытуға, құқықтық көмек көрсетуге және қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға қосылған үлес.

Ал шараға қатыса алмайтындар үшін Zakon.kz арнайы чат-бот іске қосты. Оның көмегімен сіздің сұрағыңызды маман қабылдайды. Бірақ сұрамас бұрын, өз қалаңызды көрсетесіз одан кейін сұрақ қоя бересіз.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×