Раушан Қойшыбаева: Елімізге бір паралимпиада орталығы жетпейді
Параспортшы өзінің спорттағы жолы, армандары мен Қазақстандағы паралимпиада спортының проблемалары туралы айтып берді.
Пауэрлифтингтен 2016 жылғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері, ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің атқару комитетіндегі омбудсмен Раушан Қойшыбаева қазір Парижде 2024 жылы өтетін Паралимпиада ойындарына дайындалып жатыр.
«Бізде екі лицензиялық жарыс бар — Таиландта, содан кейін 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиадаға кім баратыны туралы шешім қабылданады. Менің мақсатым — әрине, планетаның басты ойындарына қатысу мен үшін бұл үшінші Паралимпиада болмақ», — деп бөлісті Раушан Қойшыбаева.
Еске сала кетейік, Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарынан кейін ол пауэрлифтингтен 67 келіге дейінгі салмақта әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді. Бірақ бұл үшін спортшыға қиын жолдан өтуге тура келді.
Раушан Қойшыбаева 1966 жылы 7 наурызда Қызылорда қаласында көп балалы отбасында дүниеге келген. Әкем ұзақ жылдар локомотив депосында тепловоз машинисі, ал анам наубайханада жұмыс істеді. Олар тынбай еңбек етіп, он баланы – бес қыз, бес ұл тәрбиелеп өсірді. Раушан мектепті бітіргеннен кейін трикотаж фабрикасына жұмысқа орналасып, жеті жыл жұмыс істейді. 1990 жылы ол теміржол жарақатын алып, екі аяғын кесіп тастады.
«Әрине, қатты күйзеліс болды, мен төрт қабырғада қамалып қалдым, бірақ мені отбасым, ата-анам қолдады, ал екі айдан кейін жараларым жазыла салысымен Алматыға протез жасатуға келдім», — деп еске алады параспортшы.
Сол жерде ол болашақ жары Бауыржан Қасымбековпен танысады. Бауыржанның да аяғын кесіп тастап аман қалады. Бірнеше айдан кейін олар үйленеді. Отбасында үш қыз дүниеге келген.
Раушан парапауэрлифтингті 2010 жылы бастаған. Одан кейін Ұйғыр облысындағы Шонжы қаласындағы жасөспірімдер спорт мектебінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бөлімше ашылып, Раушан күйеуімен бірге жаттыға бастайды. 2011 жылы ол өмірінде бірінші рет жарыстарға барды — бұл Талдықорғанда өткен облыстық турнир, бұл жарыста Раушан бірінші орынды жеңіп алды.
«Мен ел біріншілігіне тезірек жетуді мақсат етіп қойдым және одан да көп жаттығуды бастадым. Жаттығу жасауға жағдайымыз керемет болмды: қолдан жасалған ағаш шезлондар, ескі қытай тренажері болды еншімізде. Менің нақты жаттығу бағдарламам болмады, мен өмірдегі қиындықтарға қарамастан жеңіске жетуге болатынын дәлелдеуге тырыстым», — деп еске алады спортшы.
Содан көп ұзамай ол Шымкент қаласындағы жарыста алтын алды. Раушан әлі де сол бұрынғы орында жаттығуын жалғастырды. Бір күні спорт мектебін жөндейтін болып, залды босатуды өтінген. Параспортшылар қысқа уақытқа жергілікті орта мектепке көшіріледі. Бірақ біраз уақыттан соң ол жерден де көшуге тура келеді.
«Сосын күйеуім екеуміз ескі үйіміздің ауласын қамыстан тазалап, керек-жарақтарымызды әкеліп, таза ауада жаттығатынбыз, әрине, жаңбыр мен желде суық тиіп, ауырып қалып жүрдік. Дегенмен, тоқтамадық», – деді Раушан.
2013 жылы Дубайда өткен әлем чемпионатында Раушан Қойшыбаева 13 орын алса, 2014 жылы Инчхонда (Оңтүстік Корея) өткен Азия Пара ойындарында алтыншы орынға көтерілді. Ал 2015 жылы Азия чемпионатында 106 келілік штанганы көтеріп, күміс жүлдегер атанды.
«Содан кейін Денис Орлов егер мен дайын болсам, біз Паралимпиадаға дайындықты бастаймыз деп, мені өзі тұратын Текеліге апарды, ол жерде де жағдай қиын болды. Ескі тот басқан тренажерлер, мектеп жертөлесі болғандықтан залымыз суық болды, қырыққабат сияқты киініп жүріп жаттығатын едік», — дейді Раушан Қойшыбаева.
Раушан Біріккен Араб Әмірліктері мен Малайзияда іріктеу турнирлерінде қола жүлдегер атанып, Риода лицензия алды. Сыйлық квоталары болады, бірақ Раушан лицензияны өз еңбегімен жеңіп алды.
Спортшы үшін жақсы жағдай жасау қаншалықты маңызды екенін Раушан басынан өткен соң жақсы біледі. Мысалы, Астанада заманауи паралимпиада оқу орталығы салынды. Раушан Қойшыбаева мұндай орталықтар Қазақстанның басқа қалаларына қажет деп санайды.
«Бұл орталық алғаш ашылғанда біз өте қуандық. Бұл — біраз адамның арманының орындалғаны. Тіпті сене де алмадық, өте жарық, бәрі бізге өте ыңғайлы – лифттер, пандустар, душ кабиналары, киім ауыстыратын бөлмелер бәрі бар, – деп атап өтті параспортшы.
– Жалпы Қазақстанның Паралимпиада комитетін соңғы тоғыз жыл бойы басқарып келе жатқан Қайрат Боранбаев біз үшін, параспортшылар үшін бірз жағдай жасады. Спорттық сапарларды ұйымдастырудан қонақүйлерге орналастыруға дейін әртүрлі жарыстарға дайындықтарда параспортшылар үшін керемет жағдай жасап келеді.
Раушан Токиодағы Паралимпиаданың алдында Талғар ауданындағы «Ақбұлақ» спорт кешенінде оқу-жаттығуларын өткізгенін есіне алды.
«Бұл да өте жақсы жер. Барлық жағдай спортшылар үшін жасалған. Спортта көп нәрсе жағдайға байланысты, сондықтан бүкіл республика бойынша параспортшылар көп болатын басқа да бірнеше облыстарда осындай орталықтардың салынуын толық қолдаймын. Осындай спорт кешенінің ауасы шипалы таулы бір жерде болса екен деймін», — деп атап өтті Раушан Қойшыбаева.
Параспортшыларды толғандыратын тағы бір мәселе – Қазақстанда мамандандырылған спорттық протездердің өндірісі жоқ, сондықтан оларға шетелден тапсырыс беруге тура келеді. Ал ол жақта бәрі өте қымбат.
«Менің жолым болды: мен Қайрат Советаевичке жүгіндім, ол маған Германиядағы ең жаңа технологияны қолданып протез жасату үшін 50 000 еуро бөлді. Бұл протездер мықты, жеңіл, ұзаққа төзімді. Протездер маған «тек спортта ғана емес, күнделікті өмірде де көмектеседі», — деді параспортшы. Енді мен мұндай протездерді барлық параспортшыларымызға қол жетімді еткім келеді» — дейді Раушан.
Раушан – Қазақстан Паралимпиада комитетінің омбудсмені. Өткен жылы ол Паралимпиада комитетінің отырысына шақырылып, онда оның параспортшылар өкілі рөліне кандидатурасын оның барлық қатысушылар қолдады.
«Омбудсмен спортшылардың құқықтарын қорғауы керек, мен мұндай жолмен жүрудің қандай екенін жақсы білемін. Менің жоспарым — параспортшылар мәселелерін көтеру. Мысалы, массаж терапевттері және басқа мамандар жеткіліксіз. Еліміз көп өңірлерінде халықаралық деңгейдегі техника жоқ: «Бізге «Элейко» жолақтары керек, тасымалдауда да проблемалар бар, инватаксилер жеткіліксіз», — деп атап өтті Раушан Қойшыбаева.
Ол сонымен қатар соңғы уақыттағы ең қызықты және маңызды оқиғалармен немесе параспорттағы бастамалармен де бөлісті.
Мәселен, өткен жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиадалық комитеті Астанадағы «Тарлан» мұз айдынында алты мемлекет қатысқан парахоккейден әлем чемпионатын жоғары деңгейде өткізді. Халықаралық Паралимпиада комитеті чемпионаттың өткізілу деңгейіне жоғары баға берді. «Тарлан» мүгедектігі бар жандардың жүріп-тұруына толық бейімделген Орталық Азиядағы жалғыз қысқы спорттық жаттығу орталығы екенін атап өткім келеді.
«Біз сондай-ақ «Жұлдызай» қорымен бірлесіп жыл сайынғы балалар спортының фестивалін өткіземіз. Фестивальде Қазақстанның барлық өңірінен келген балалар спорттың 12 түрінен өнер көрсетеді. Мұндай іс-шара бұрын-соңды болмаған», — дейді Раушан.
Сондай-ақ «Қайрат» ФК базасында зағиптар футболынан Қазақстан чемпионаты (соқырлар футболы) өтті. Бұл спорт түрі «Қайрат» футбол клубының қатысуының арқасында ғана жүзеге асып отыр.
«Айтпақшы бұл команданы Қайрат Советаевич жеке өзі қолдап келеді. Бұл кісінің арқасында біз Олимпиадаға, әлем чемпионаттарына барып, жаңа паралимпиада ойындарының қалай дамып жатқанын көріп, бұл спортты Қазақстанда қалай дамытуға болады деген мәселелерді бірлесіп бірге шешеміз. Ол спорт түрлерін Қазақстанда шетелдегіден кем емес етіп ұйымдастыру жолдарын қарастырамыз», — деп атап өтті Раушан Қойшыбаева.
2024 жылғы Паралимпиада Раушан Қойшыбаева спорттық мансабындағы соңғысы бола ма, жоқ па деген сұраққа әлі толық жауап бере алмайтынын айтты. «Мен Токиодағы ойындар туралы да мансабымдағы соңғы жарыс деп ойлаған едім, бірақ олай болмай шықты», — деп қосты спортшы.