Now Reading
Астанада мектептердің рекордтық саны салынуда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада мектептердің рекордтық саны салынуда

Астанада мектептердің рекордтық саны салынуда

Астанада мектептердің рекордтық саны салынуда

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram желісіндегі парақшасында оқушылар мен ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, қаладағы жаңа мектептердің құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

«Мектептерде сынып сағаттары өтті, балалар демалысқа шықты. Оқушыларды, ата-аналарды және мұғалімдерді оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз! Жыл сайын 20 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа баратынын ескерсек, жаңа мектептердің саны айтарлықтай өсті.

 

Қазір біз 100 мыңға жуық оқушы орнына арналған 32 мектептің құрылысын жүргізіп жатырмыз. Оның ішінде жыл соңына дейін мектептердің рекордты санының құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл – 64 мыңға жуық оқушыға арналған 23 мектеп (2 ауысымды). Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында – 15 мектеп (Есіл – 6, Нұра – 4, Алматы – 3, Сарыарқа – 2), тағы 5 мемлекеттік мектеп (Нұра – 2, Байқоңыр – 2, Алматы – 1), 3 жекеменшік (Есіл – 2, Алматы – 1).

 

Жаңа оқу жылының басында

Біз 32 мыңға жуық оқушыға арналған 12 мектептің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз (2 ауысымда). Бұл «Жайлы мектеп:» ұлттық жобасы аясындағы 8 мектеп.

 

Есіл ауданы – 1 ауысымды 7800 оқушыға арналған 3 мектеп – Орынбор көшесі және №37 «SOHO» ТК, Мәңгілік Ел даңғылы және Е 497 көшесі, Қабанбай батыр және Сығанақ көшелері, «Поколение» ТК;

 

Нұра ауданы – 4000 оқушыға арналған 1 ауысымды 2 мектеп – Төле би көшесі мен 57 учаскесінің қиылысы («Зеленый квартал» ТҮК), Е127, Е368, Е418, Е535 көшесі (Қорғалжын тас жолы ауданы)

Сарыарқа ауданы – 4000 оқушы орнына арналған 1 ауысымды 2 мектеп – С-189 көшесі «Земляничная» саяжай алабы, Көктал елді мекені;

 

Алматы ауданы – 600 оқушыға арналған 1 ауысымды 1 мектеп (А.Байтұрсынұлы көшесі, №9).

 

Байқоңыр және Нұра аудандарында тағы үш мемлекеттік мектеп: Байқоңыр ауданында №12 мектеп және №27 мектеп-лицей аумағында қосымша жаңа ғимарат, сол сияқты Нұра ауданының №17 мектеп-гимназия аумағындағы жаңа қосымша ғимарат. Сондай-ақ, Есіл ауданында Ұлы дала даңғылында (Арнау ТК) тағы бір жеке мектеп ашылады.

 

Осылайша, 23 жаңа мектеп арқылы алты мектепте үш ауысымды оқу мәселесін, тағы 9 мектепте шамадан тыс режимі мәселесін шешуді жоспарлап отырмыз», – деп жазды елорда әкімі.

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×