Now Reading
Елорда саябағында ерекше балаларға арналған «Көңілді старт» жарысы өтті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елорда саябағында ерекше балаларға арналған «Көңілді старт» жарысы өтті

Елорда саябағында ерекше балаларға арналған «Көңілді старт» жарысы өтті

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елордадағы «Көктал» саябағында «Сарыарқа» ауданының бастамасымен ерекше балалардың қатысуымен «Көңілді старт» жарысы өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Көңілді старт» жарысы бүкіл отбасыға арналған формат ретінде таңдалды, өйткені ерекше қажеттіліктері бар балалардың тұрақты спорттық іс-шараларға қолы жете бермейді. Балалар түрлі спорттық эстафеталар мен жарыстарға қатысты.

«Бұл іс-шаралардың басты мақсаты — ерекше қажеттіліктері бар балалардың да назар мен құрметке лайық екенін және барлық жағдайда тең мүмкіндіктерге құқығы бар екенін көрсету», — дейді Спорттық және бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының спорт бөлімінің маманы Жанбек Көлбаев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Көңілді старт» жарысы дене шынықтыру белсенділігін дамытуға көмектесіп қана қоймай, қоғамдағы әлеуметтік интеграцияға, рухты нығайтуға ықпал етеді.

Эстафета соңында қатысушылар алғыс хаттармен, сыйлықтармен және тәттілермен марапатталды.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...