Елордадағы «Баршаға мүмкіндік» орталықтарында мамандар тұрғындарға түрлі мамандықтар бойынша қысқа мерзімді тегін оқу курстарынан өтуге мүмкіндік беретін JOLTAP жобасы бойынша кеңес береді. Осылайша жобаға қатысушылардың бірі Жұлдыз Байсарина жаңа сәнгер мамандығын иеленді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жұлдыз Байсаринаның айтуынша, ол тігуді білгенімен, қиюды, өлшем алуды үйренгісі келетін.
«Бірде бір досым сәнгер болуды үйрететін курс туралы айтты. Алғашында мен бұған күмәнмен қарадым, тегін дүние қайдан болсын деген ой келді және тегін курстардан жаңа ештеңе үйрене алмайсың деген түсінік болды. Сондықтан мен екі ай бойы ойланып жүрдім. Ақпан айының соңында «Азия Парк» сауда ойын-сауық орталығының жанында орналасқан «Баршаға мүмкіндік» пунктіне бардым. Мені қабылдаған кеңесшілер Назерке мен Мира барлығын егжей-тегжейлі айтып, бағдарламаны түсіндірді», – дейді астаналық бойжеткен.
Жұлдыз Байсарина оқу барысында студенттердің практикалық сабақтарға қажетті барлық құралдармен тегін қамтамасыз етілгеніне таң қалды. 8 адамнан тұратын топта білім алу оңай болды. Қатысушылар арасынан тіпті достар тауып та үлгердік.
«Ештеңе есімде жоқ шығар деп ойладым, бірақ ұстазымыз Анар Төлегенқызының барлығын анық түсіндіріп бергені соншалық, бізге үйрену өте оңай болды. Мен базалық құрылымдарды жасау үшін жоғары білімнің болуы міндетті емес екенін түсіндім. Бұрын интернеттегі видеолардан қиюды үйренуге тырысатын едім, онлайн курстарға да бардым, бірақ сонда да білімімде олқылықтар болды. Бірақ курс барысында ұстазымыз жасаған бағдарламаның қарапайым әрі түсінікті болғаны сонша, тігуді білмейтін студенттер де қарапайым тігін дағдыларын меңгерді», — дейді жобаға (қатысушы.
Қазір «JOLTAP» жобасының көмегімен Жұлдыз Байсарина хоббиін кәсіпке айналдырып, көйлек, костюм, жейде және т.б. тапсырыстарды алып жатыр.
«Курсты аяқтаған соң мен Астанада 15 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан және мерекелік шараларды ұйымдастырып, өткізетін «Viva» кабаре шоуына жұмысқа орналастым. Біздің әртістер елордада ғана емес, өзге де қалаларда өнер көрсетеді. Біздің әртістерге арналған костюмдер жасайтын өзіміздің костюмдер бөлмесі мен ателье бар. Жұмыс өте қызықты, өйткені біз өзіміз костюмдер мен көйлектердің эскиздерін ойлап табамыз. Жұмыс істеп жүрген аз ғана уақыт ішінде бірнеше костюм тіктірдім. Мен өмірімді өзгерте алғаныма өте қуаныштымын және қазір өзіме ұнайтын іспен айналысып жатырмын. «Маған тегін сапалы білім алуға мүмкіндік берген жобаға алғысым шексіз», — деді сөзінің соңында сәнгер.
Естеріңізге сала кетейік, JOLTAP жобасы аясында қала тұрғындары екі қысқа мерзімді бағдарлама бойынша тегін оқи алады. Бірінші бағдарлама тігінші, наубайшы, сатушы-кассир, әмбебап тамақтандыру қызметкері, бариста сияқты 5 жұмысшы мамандығын дайындауға арналған. Екінші бағдарлама – Freelance Mumkindik – 7 цифрлық дағдылар бойынша оқытуды қарастырады: таргетолог, SMM, видеограф, маркетплейс, мобилограф, графикалық дизайнер және веб-дизайнер (веб-сайтты әзірлеу). Оқу мерзімі 22 күн. Жоба тек оқытуды ғана емес, жұмысқа орналасу алдында жан-жақты қолдауды да қамтамасыз етеді.