Елордада 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай елордалықтарға тәттілер мен ойыншықтар таратылды.
«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бастамасымен өткен шара Арбат аумағында ұйымдастырылды. Мамырдың соңғы күні 15 ерікті астаналықтарды қуанышқа бөледі.
«Бүгін «Астана Жастары» Жастар ресурстық орталығы еріктілері Арбатта Балаларды қорғау күніне орай елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекелік тәттілер мен ойыншықтар таратуда. Шара соңына дейін тұрғындарға жоспарланған 30 келі тәттілер таратылады», — дейді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің басшысы Эльвира Есмұханова.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылардың айтуынша, мереке аясында елорданың аула клубтарында түрлі іс-шаралар, соның ішінде шеберлік сыныптары, концерттік бағдарламалар және т. б. ұйымдастырылады.