Елордада қала мен ел өңірлерінің тауар өндірушілерінің қатысуымен демалыс күнгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңке өтетін орын елорданың Сарыарқа ауданында Б. Соқпақбаев көшесі, 21 мекенжайында орналасқан.
Жәрмеңкеге Ақмола, Абай және Түркістан облыстарының жеке кәсіпкерлері қатысады. Тауар өндірушілер өнімдердің кең ассортиментін ұсынады: көкөністер, жемістер, ет, сүт өнімдері және т.б.
Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.