Қазақстанда әлеуметтік қызметтерге қойылатын біліктілік талаптары бекітіледі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңға сәйкес «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.
Бұйрықтың қабылдануы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Құжат «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.
Бүгінгі таңда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілетін қызметтердің шарттарын, көлемін және сапасын айқындайтын Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттарына (ӘҚҚ) сәйкес көрсетіледі.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды іске асыру аясында елімізде 2025 жылдан бастап ӘӘҚ қамтамасыз ететін ұйымдарға қойылатын талаптарын реттейтін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін лицензиялау енгізіледі.
Осыған байланысты ғимараттарға, жиһаздармен, жабдықтармен және жұмсақ жиһаздармен жабдықталуына, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі стандарттарына сәйкестігіне, ӘӘҚ қамтамасыз ететін ұйымдардың персонал құрамына қойылатын біліктілік талаптарын қабылдау қажет.
Бұл біліктілік талаптары лицензиялауға жататын мемлекеттік және жеке ұйымдарға, олардың меншік нысанына қарамастан қолданылады.
Осылайша лицензиялау жоғарыда аталған қызметтерді көрсету нарығына тек жоғары білікті мамандары, жайлы ғимараттары (жағдайлары) және жақсы материалдық-техникалық жабдықталуы бар ұйымдардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, оларды алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды. Оны жүзеге асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.