Now Reading
Көкшетауда кезекте тұрған 63 отбасы пәтер кілтін алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Көкшетауда кезекте тұрған 63 отбасы пәтер кілтін алды

Көкшетауда кезекте тұрған 63 отбасы пәтер кілтін алды

Көкшетауда кезекте тұрған 63 отбасы пәтер кілтін алды

 

Көкшетауда халықтың әлеуметтік осал бөлігі ретінде ұзақ жылдар бойы баспана кезегінде тұрған 63 отбасы көптен күткен жаңа пәтер кілттерін алды.

Жаңа пәтерге ие болғандардың ішінде 43 көп балалы отбасы мен 20 жетім бала бар.

28 жастағы Марина Мариловцева 13 жыл жетім бала ретінде баспана кезегінде тұрған. Босану кезінде оның анасы қайтыс болған, ал қызды нағашы әпкесі тәрбиелеп өсірді, әпкесі нәрестеге екінші ана болған. Тұрмыс жағдайы онша жақсы болмаған, әпкесі өмір бойы жағдай жоқ жер үйде тұрған.

«Өз үйің болмаса өте қиын. Бірақ қазір қуанышты сәт туып отыр. Шынымды айтсам, осы күн туатынына сенбедім. Басында 1500-ші болып кезекте тұрдым, кейін кезегім жақындады», — деп бөлісті бақытты бойжеткен.

«Марина үшін бұл өте қиын болды, өйткені Маринада ми ісігі және қайталама ұстамасы бар. Бүгін мен Марина үшін бақыттан көзіме жас алдым! «Президентке де, әкімдікке де рахметімді айтқым келеді», — деп қосты қыздың әпкесі Зоя Петровна.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов көкшетаулықтарды қоныс тойымен құттықтап, пәтер кілттерін табыс етті.

— Өз үйің болу – әр отбасы, әрбір адам үшін үлкен мереке. Ел Президенті ең алдымен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлуде. Маңызды бағыттардың бірі – тұрғын үймен қамтамасыз ету. Ал бүгінгі шара қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың нақты шарасы болып табылады», — деді аймақ басшысы.

Облыста халықтың әлеуметтік осал топтары санатына кезек күтушілер әлі де көп. Биыл 659 пәтерлік 14 көпқабатты тұрғын үйді, сондай-ақ 115 пәтерлік үш ғимаратты пайдалануға беру жоспарлануда” — деді М.Ахметжанов.

Облыста былтырдан бері дайын пәтерлерді сатып алудың жаңа механизмі қолданылуда. Кезекте тұрғандар үшін белгілі бір жайлылық класы бар бастапқы нарықтағы пәтерлер сатып алынады.

«Біз шамамен 16 миллиард теңге жұмсадық, ең бастысы тұрғындар бұл пәтерлерді кейін жекешелендіруге немесе қалдық құны бойынша сатып ала алады», — деп қосты әкім.

Ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік осал топтары санатына барлығы 840-қа жуық, оның ішінде облыс орталығында 500-ден астам пәтер беру жоспарлануда.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі толықтырғандай, өңірде жаңа тұрғын үйлердің құрылысы қарқын алуда. Тек соңғы жылдары облыста тұрғын үй құрылысына 200 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылып, 2 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде 12 мыңға жуық ақмолалық отбасы баспана мәселесін шешті.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×