Now Reading
Алматыда «Күміс ғасыр» жобасы бойынша жұмысқа орналасқандардың жалақысы 100 мың теңгеге де жетпейді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматыда «Күміс ғасыр» жобасы бойынша жұмысқа орналасқандардың жалақысы 100 мың теңгеге де жетпейді

Алматыда «Күміс ғасыр» жобасы бойынша жұмысқа орналасқандардың жалақысы 100 мың теңгеге де жетпейді

Бұл ел бойынша ең төменгі көрсеткіш.

 

Алматыда «Күміс ғасыр» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтіндердің жалақысы орташа есеппен небәрі 98,8 мың теңгені құрайды және бұл елдегі ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлады Еңбек министрлігі.

 

Жоба аясында республика бойынша орташа жалақы 136,2 мың теңгені құрайды. Ең үлкен жалақыны Шығыс Қазақстан облысында (200 мың теңгеден сәл астам), Қызылорда облысында (180 мың теңге) және Астанада (177,7 мың теңге) жұмыспен қамтылғандар алады. Аз алатын облыстардың қатарында Алматыдан бөлек Батыс Қазақстан (100 мың теңге) болды.

 

Жоба 15,6 мың қазақстандықты жұмыспен қамтыды. Биыл олар жоба бойынша 19 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Оған 50 жастан асқан жұмыссыздар қатыса алады.

 

Еңбек ұтқырлығы орталықтары жұмыс берушілерге бірінші жылы жалақының 70%, екінші жылы 65%, үшінші жылы 60% мөлшерінде субсидия төлейді. Бұл ретте субсидиялар 30 АЕК-тен аспауы керек.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
0
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.