Now Reading
Астанада «Сәтті сәрсенбі» экоакциясы өткізілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада «Сәтті сәрсенбі» экоакциясы өткізілді

Астанада «Сәтті сәрсенбі» экоакциясы өткізілді

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында елордада «Сәтті сәрсенбі» іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

 

Экоакция «Железнодорожный» тұрғын алабында орналасқан қар полигонының аумағында өтті. Тазалауға «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының 100 қатысушысы жұмылдырылды.

 

«Акцияға негізінен жасөспірімдер қатысатындықтан, орналасу орны ретінде қар полигонының аумағы таңдалды. Ол қауіпсіздікпен, жолдың және өзен-көлдер сияқты қауіпті табиғи нысандардың болмауымен, сонымен қатар кіреберіс жолдардың болуымен ерекшеленеді», — деп түсіндірді Алматы ауданы әкімінің орынбасары Нұрмат Әбдірайымов.

 

«Сәтті Сәрсенбі» акциясы қаланың экологиялық жағдайын жақсарту және тазалықты сақтау мақсатында өткізілуде.

 

«Біз қоқысты жинап, қаланы таза ету үшін Алматы ауданына бардық. Мұндай іс-шаралар біздің ортақ мәселелерімізді бірге шеше отырып, халықты біріктіруге көмектеседі», — деді «Жасыл ел» қатысушысы Қайрат Уәлихан.

 

Іс-шара Алматы ауданы әкімдігінің, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қолдауымен ұйымдастырылды.

 

Ұйымдастырушылар қаланы тазарту акциялары апта сайын өткізілетінін атап өтті.

 

Биылғы жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтарының ХХ еңбек маусымы басталғанын айта кетейік. Жоба аясында елордада 14 пен 35 жас аралығындағы 4200-ден астам жас жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Олар қаламыздағы нысандардың, оның ішінде «жасыл белдеу» аумағында, әлеуметтік нысандардың, оқу орындарының аумағында, қала саябақтарында, абаттандыру жұмыстарына атсалысуда.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...