Мемлекеттің азаматтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалды.
Бүгінде әрбір бесінші қазақстандық мемлекеттен әлеуметтік қолдау алады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
Оның қолжетімділігін арттыру үшін жаңа цифрлық өнімдер енгізілді. Бұл шаралардың тиімділігі мен пайдасы халықаралық ұйымдар тарапынан жоғары бағаланып, өзге елдерге үлгі болды.
«Бүгінде әлеуметтік қолдау қызметінің басым бөлігі (27 түрі) проактивті форматта көрсетіледі. Өткен жылы Мемлекет басшысының Жолдауында жарияланған және депутаттардың қолдауына ие болған еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге арналған арнайы жеңілдіктер биылғы жылдың басынан бері төленді. Бүгінде оларды алушылардың саны 7140 адамға жетті. Бұл мақсаттарға 1,2 млрд теңге бөлінді. Жұмыс жалғасуда» Тамара Дүйсенова.
Вице-премьер Әлеуметтік кодекске сәйкес келесі жылдан бастап өмір сүру минимумын орташа табыспен байланыстыру тетіктері пысықталатынын атап өтті. Бұл механизм халықаралық тәжірибеде азаматтардың табыс деңгейінің нақты көрсеткіші ретінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде қолданылады. Оны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда.
Сондай-ақ Тамара Дүйсенова мүгедектігі бар жандарды қолдауға арналған әлеуметтік төлемдердің барлық түрін қаржыландыру мәселесі толығымен шешілгенін атап өтті.
«Мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражат көлемі 320 млрд теңгені құрайды. 800 мыңға жуық азаматқа қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ медициналық оңалту инфрақұрылымын кеңейту жұмыстары жүргізілді. Мұндай қызмет көрсететін мекемелердің саны 838-ге жетті. Соңғы 5 жылда оларды қаржыландыру 13 есеге өсіп, 81 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың өзінде 208 мыңнан астам науқасқа толыққанды оңалту қызметі көрсетілді. Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін 35 әлеуметтік оңалту орталығы мен 120 мекеме жыл сайын 40 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсетеді».
Тамара Дүйсенова
Вице-премьер әлеуметтік саладағы негізгі мәселелерге да назар аударды. Бұл кәсіптік оңалту, мектеп жасындағы балаларды оқыту, жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты. Көпшілікті инфрақұрылымның қолжетімділігі де алаңдатады. Атап айтқанда, көпқабатты үйлерде тұратын азаматтардың жүріп-тұруы, көліктің қолайсыздығы, көшелерде аялдамалар мен арнайы белгілердің жоқтығы сияқты мәселелер бар. Тамара Дүйсенова бұл мәселелер ұлттық стандарттарды қайта қарау қажеттілігін растайтынын атап өтіп, Үкімет тарапынан тиісті шаралар қабылданып жатқанына назар аударды.