Now Reading
Павлодар облысының 15 мың тұрғыны медициналық көмекке қол жеткізе алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Павлодар облысының 15 мың тұрғыны медициналық көмекке қол жеткізе алады

Павлодар облысының 15 мың тұрғыны медициналық көмекке қол жеткізе алады

Павлодар облысының ауылдарында 30 медициналық нысанның құрылысы жоспарлануда. Облыста ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға жалпы сомасы 4,6 млрд теңге бөлінеді.

 

Бұл ақшаға ауылдарда дәрігерлік амбулаториялар ашылып, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 23 фельдшерлік пункт салынады. Бұл медициналық мекемелердің басым бөлігі Успен ауданы, Аққұла ауданы және Ақсу ауылдық аймағында орналасады.

 

— Бүгінгі таңда 30 жобаның 28-і мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алып, 10 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына конкурстар аяқталып, мердігерлер анықталды. Құрылыс жұмыстары 11 сәуірде басталып, 8 жоба бойынша жұмыстар 10 шілдеге дейін аяқталады. 18 жоба бойынша мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Республикалық бюджеттен қаржы бөлуге бюджеттік өтінім Денсаулық сақтау министрлігіне жолданды», — деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Бұйрашев.

 

Құрылысы шілдеде аяқталмаған нысандардағы жұмыстар қараша айында аяқталады.

 

«Құрылыс нәтижесінде 15 мың ауыл тұрғыны сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі», — деп сендірді Әнуар Бұйрашев.

 

68 жұмыс орны ашылады, бірақ оның 4-еуі ғана тұрақты. Бұл ретте облыста 167 түрлі профильді маман қажет. Павлодар облысының шалғай ауылдарына дәрігерлерді тарту үшін оларға 8,5 миллион теңгеге дейін, тұрғын үй немесе қызметтік тұрғын үй сатып алуға 0,1 пайызбен жеңілдетілген несие беріледі.

 

Естеріңізге сала кетейік, облыс бойынша денсаулық сақтау саласында барлығы 7,5 мың адам еңбек етеді. Олардың бір бөлігі ауылдарда. Жақында ауылдық аудандық ауруханаларға 39 жедел жәрдем көлігі берілді.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×