Now Reading
Балқашта кезекте тұрғандар үшін шағын аудан салынып жатыр
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Балқашта кезекте тұрғандар үшін шағын аудан салынып жатыр

Балқашта кезекте тұрғандар үшін шағын аудан салынып жатыр

Қарағанды облысында тұрғын үйге кезекте 2 мыңнан астам Балқаш тұрғыны тұр.

 

Биыл қалада 5 көпқабатты үй салынуда. Тілші қоныс тойы қашан болатынын және пәтерлердің кімге берілетінін білді.

 

Балқашта жаңа шағын аудан салынып жатыр: бес көпқабатты үй салынуда. Әрқайсысының құны 750 миллион теңге. Биыл екі тұрғын үй пайдалануға беріледі.

 

Саятбек Мусин, Балқаш қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

 

— Қазір инфрақұрылым, кәріз, жылу, су құбырларын әкеліп жатырмыз. Жыл соңына дейін бұл үйлерге барлық инфрақұрылым тартылады. Бір үй – 45 пәтер, мұнда 5 үй бар. Биыл 90 пәтер берілсе, келесі жылы 90 пәтер беріледі.

 

Балқашта 2 мыңнан астам кезекте тұрғандар бар. Жартысы халықтың әлеуметтік осал санатынан. Олар жаңадан салынып жатқан үйлерден жалға берілетін баспанаға алғашқы өтініш білдірушілер. Кейбір пәтерлерді 5 пайыздық мөлшерлемемен банктен несие алып сатып алуға болады.

 

Дархан Өміржанов, Балқаш қалалық тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспекторы.

 

— Көп балалы және мүгедектігі бар балалары бар отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектігі бар жандарға 2 пайыздан аспайтын мөлшерлеме қарастырылған. Биыл облыс бойынша жалпы екі мыңға жуық пәтерді тапсыру жоспарлануда. Бұрынғымен салыстырғанда 18 пайыздан астам.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...