Now Reading
Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді

Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді

ЭКСПО аумағында 6 шілде күні сағат 18:00-де «Open Air» мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондар шоуын өткізу жоспарланып отыр.

Дрондар шоуының болжамды уақыты – сағат 22:15-те (22:30). Дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1250 аппарат ұшырылады, оның 70-і – пиротехникалық дрон. Бұл – дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Шоу қазақстандық және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестірілетін болады.

Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

0
Tags :
No More Posts