Now Reading
Астанада жаңа кітапхана ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада жаңа кітапхана ашылды

Астанада жаңа кітапхана ашылды

Астанада қала әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №6 көпшілік кітапханасы салтанатты түрде ашылды. Жаңа кітапхана Нәжімеденов көшесі 27 мекенжайында орналасқан, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа кітапхана базасында уақыт өте келе балаларды дамытуға арналған үйірмелер мен қазақ тілі курстары жұмыс істейтін болады.

«Өзге қалалық кітапханаларда қазақ тілі курстары, сонымен қатар сурет және қолөнер бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Бізде балаларға арналған кітапханалар мен театрлар бар, мұнда шағын қуыршақ спектакльдері көрсетіледі. Сонымен қатар қала тұрғындары кітап оқу үшін де келеді, себебі мұнда шығармашылық тұрғыда дамығысы келетіндер көп.

Жаңа кітапхананың ашылуы мәдениетті дамытуға жаңа серпін береді», – дейді Астана әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлбадан Мәдібаева.

Жергілікті тұрғындар жаңа кітапхананың ашылуы туралы оң пікір білдірді.

«Бұл кітапхана біз үшін барлығы үшін қол жетімді орында  ашылғаны қуантып отыр. Жазғы каникул кезінде балалар осы кітапхана арқылы зияткерлік қабілеттерін дамытып, энергияларын тиімді жұмсай алады», – деді астаналық Нұргүл Қонысбаева.

2023 жылы елордада 4 кітапхана, 2024 жылы 8 кітапхана күрделі жөндеуден өтті. Қазір Астанада 22 орталықтандырылған кітапхана бар.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...