Now Reading
Таза Қазақстан: Астанада балалар лагеріне жолдама иегерлері анықталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Таза Қазақстан: Астанада балалар лагеріне жолдама иегерлері анықталды

Таза Қазақстан: Астанада балалар лагеріне жолдама иегерлері анықталды

Астана қалалық Білім басқармасы мектеп оқушылары арасындағы үздік сурет байқауының жеңімпаздарын анықтады. Жүлделі орындардың жеңімпаздары «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагеріне жолдамалармен марапатталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 25 маусымы мен 7 шілдесі аралығында елордалық білім басқармасы Балалар көркемсурет мектебімен бірлесіп, ауқымды экологиялық акция аясында «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі» тақырыбында үздік сурет байқауы өтті. Байқаудың тақырыбы – «Таза Қазақстан» экоакциясы, қала мен табиғатқа қамқорлық.

 

Келесі қатысушылар жеңімпаз атанды:

 

Бас жүлде — Әбдірахман Дәрия — № 62 МЛ, жетекшісі: Бадриденова Райсә Маратқызы;

1-орын — Арыстанова Фатима № 92 МЛ,

жетекшісі: Қасымова Айгүл Ыдырысқызы;

Кулагина Юлия-ДХШ, жетекшісі: Ронковская Алина Борисовна;

2-орын — Баекешова Гүлзам — Өнер мектебі 2,

жетекшісі: Жәйірбек Қайрат; Нұралы Мәдина — № 17 МГ,

жетекшісі: Болатова Лейла Берденқызы;

Оралбек Жанайымм — № 64 МГ, жетекшісі: Аманжол Роза;

3-орын — Исеналинова Аймира — № 77 МГ,

жетекшісі: Болатова Лейла Берденқызы;

Булатова Алуа — МГ № 95,

жетекшісі: Болатова Лейла Берденқызы;

Бозжігітова Адия — МГ № 3

жетекшісі: Болатова Лейла Берденқызы.

 

Еске сала кетейік, байқауға қатысушылар Астана әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми аккаунтына жазылу, Instagram желісінде сызбаларды жариялау және #tazaAstana, #ecoactionAstana хэштегтерін белгілеу талап етілді.

 

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Елорда тұрғындары мен қонақтары сенбіліктер мен табиғатты қорғау шараларына белсене қатысып, қаланың көркейіп, тазалығына өз үлестерін қосуда.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
0
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.