Now Reading
Астанада баскетболдан арбамен жаттығу өтіп жатыр
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада баскетболдан арбамен жаттығу өтіп жатыр

Астанада баскетболдан арбамен жаттығу өтіп жатыр

Астанада баскетболдан арбамен жаттығу өтіп жатыр

Елордалық Триатлон саябағында әр жұма сайын ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін арбамен баскетболдан тегін жаттығулар өткізіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Спорттық сабақтарды кәсіби жаттықтырушы, үш дүркін әлем чемпионы және екі дүркін Азия чемпионы Никита Ермаков өткізеді.
«Бізде Триатлон саябағында мүгедектігі бар адамдар үшін ашық жаттығулар өткізу идеясы пайда болды. Біз мұндай адамдардың қоғамда белсенді болғанын, спортпен шұғылданғанын және салауатты өмір салтын ұстанғанын қалаймыз. Біздің миссиямыз – спортқа ерекше қажеттіліктері бар адамдарды мүмкіндігінше көбірек тарту. Мұндай сабақтар пайдалы», — деді Никита Ермаков.
Жаттығу буындарды қозғалтып, жаттықтырудан басталады. Сабақ барысында мамандандырылған құрал-жабдықтар, резеңкелер, жеңіл салмақтағы доптар қолданылады. Келесі кезең – баскетбол ойынының өзі. Қатысушылар командаларға бөлінеді, ал ең қызығы – доп үшін күрес, пас алу және әрине, лақтыру басталады. Жаттығуға қала тұрғындарынан басқа жоба авторлары да қатысады. Солардың бірі – Нариман Секен.


«Біздің идеялық шеберіміз Айтым Жақыпов болды. Никита Ермаков екеуміз оның жаттығуларына белсенді қатысамыз. Осындай сабақтардың бірінде бізге ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін тегін жаттығулар ұйымдастыру идеясы келді. «Мүмкіндігі шектеулі жандар» деген жалпы қабылданған термин бар, бірақ маған ұнамайды. Ешқандай шектеулер жоқ және біздің жаттығуларымыз дәлел. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды ғана емес, барлық тілек білдірушілерді де спортпен шұғылдануға шақырғым келеді», – деді Нариман Секен.
Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жаттығулар келушілердің физикалық жағдайын жақсартып қана қоймай, оларды бір қауымдастыққа біріктіреді. Жобалар авторлары географияны кеңейтуді және арбамен баскетбол жаттығуларын басқа аймақтарға да енгізуді жоспарлап отыр.
Қатысушылардың жасына немесе санына ешқандай шектеу жоқ. Ең жас келуші – 10 жасар Алтынай, ал ең тәжірибелі қатысушы – 70 жастағы қала тұрғыны.
Ұйымдастырушылар барлық ниет білдірушілерді сабаққа шақырады, алдын ала жазылудың қажеті жоқ. Баскетбол ойнаудан басқа, сабақтарда өзге спорт түрлері де өткізілуі мүмкін. Жаттығу апта сайын жұма күндері сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін Триатлон саябағында («Арқар» көпірінің астында) өтеді. Инклюзивті сабақтар жазғы маусымның соңына дейін жалғасады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×