Now Reading
Астанада мүгедектігі бар жастарға арналған оқу лагері ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада мүгедектігі бар жастарға арналған оқу лагері ашылды

Астанада мүгедектігі бар жастарға арналған оқу лагері ашылды

Астанада мүгедектігі бар жастарға арналған оқу лагері ашылды

Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ жүзеге асырып жатқан «OrleTECH 3.0» қайырымдылық жобасы аясында мүгедектігі бар жастарға арналған оқу лагері жұмысын бастады. Лагерьдің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, «Шелл Қазақстан» компаниясының коммерциялық мәселелер жөніндегі бас директоры Ку Валари қатысты.

Лагерь қатысушылары үш бағыт бойынша цифрлық мамандықтарға оқытылады: nо code әзірлеу, UX/UI design және AI маманы, сондай-ақ жұмыс табуға көмек көрсетіледі. Оқыту қазақ, орыс және ымдау тілдерінде жүргізіледі. Жобаға қатысуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1500-ден астам өтінім түскен. Сұхбат қорытындысы бойынша әр түрлі мүгедектік топтары бар 18 жастан 35 жасқа дейінгі 180 адам іріктелді. Олардың көпшілігі студенттер.

Іске қосылған екі күндік Soft skills дағдыларын дамытуға арналған лагерь оқытудың алғашқы қадамы болып табылады және табысты кәсіби қызмет үшін қажетті коммуникативті дағдыларды, көшбасшылық қасиеттерді, эмоционалдық интеллектті және басқа да негізгі құзыреттерді дамытуға арналған қарқынды бағдарламаларды ұсынады. Астана лагерь өтетін жалғыз қала емес. Шілде айының соңында басқа өңірлерден қатысушылар Алматыға жиналады.

Осыдан кейін онлайн оқыту басталады және ағымдағы жылдың қараша айына дейін жалғасады. Оқу барысында лагерь қатысушылары қосымша түйіндеме жазу, онлайн жұмыс іздеу платформаларымен жұмыс істеу және сұхбатқа дайындалу бойынша кеңес алады.

«Қазақстанда 2025 жылға дейінгі мүгедектігі бар жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар жүзеге асырылуда. 2023 жылы БҰҰ Мүгедектігі бар жандардың құқықтары туралы конвенциясына Факультативтік хаттама ратификацияланды.

Әлеуметтік кодекс шеңберінде мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі енгізілді, оның ішінде: жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер түріндегі мемлекеттік көмек пен қолдау, әлеуметтік оңалту шеңберінде ағзаның жоғалған функцияларын өтеу, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жұмыспен қамту.

Қазіргі уақытта біздің министрлік Қазақстан Республикасының Инклюзивті саясатының тұжырымдамасын әзірлеуде, оны іске асыру әрбір азаматтың жеке даму ерекшеліктеріне қарамастан лайықты өмір сүруге және өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндігі бар қоғам құруға мүмкіндік береді.

Бұл қайырымдылық жоба мүгедектігі бар жандарға цифрлық мамандықтар бойынша кәсіби дағдыларды тегін алуға мүмкіндік береді, бұл олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Светлана Жақыпова.

Айта кету керек, «OrleTECH 3.0» жобасын «Самұрық-Қазына» АҚ бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Шелл Казахстан» компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Қазақстанда 725 мыңнан астам мүгедектігі бар жан тұрады, оның 58 пайызы еңбекке қабілетті жастағылар, 26,9 пайызы зейнет жасындағылар, 15,1 пайызы 18 жасқа дейінгі балалар.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×