Астанада 1 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жол жүру ақысы көтеріледі
Астанада 1 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жол жүру құны 90 теңгеден 110 теңгеге көтеріледі. Қалалық бағыттарда жол жүру ақысы 90 теңге болып 2014 жылдың қыркүйегінде белгіленген болатын. Бұған дейін қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға ұсынылған болатын.
2020 жылдың наурыз айынан бастап Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалардың қоғамдық көлікте жүруі тегін болды. Басты талап — мектеп көлігі картасының болуы және оны автобуста растау.
Бұл жеңілдік келесі санаттарға жататын азаматтарға да беріледі:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар азаматтар және оларға теңестірілген адамдар;
2) жасы және еңбек өтілі бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ жасы бойынша және зейнеткерлік жасқа жеткен асыраушысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
3) көп балалы аналар;
4) көп балалы отбасылар;
5) мүгедектігі бар азаматтар;
6) ата-анасының біреуі (заңды өкілдерін) немесе он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар.
7) «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысушылардың арасынан саяси қуғын-сүргін құрбандары.