Now Reading
«Мектепке жол»: Астанадағы әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан балаларға қандай көмек көрсетіледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Мектепке жол»: Астанадағы әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан балаларға қандай көмек көрсетіледі

«Мектепке жол»: Астанадағы әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан балаларға қандай көмек көрсетіледі

«Мектепке жол»: Астанадағы әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан балаларға қандай көмек көрсетіледі

2020 жылдан бастап білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсету мемлекеттік қызмет болып саналады. Бұл көмек туралы елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев айтты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
2024-2025 оқу жылына дайындық шеңберінде оқушылардың жекелеген санаттарына киім, аяқ киім, кеңсе керек-жарақтарын сатып алу үшін материалдық және қаржылық көмек көрсету көзделеді.
Жалпыға бірдей білім беру қоры шеңберінде әлеуметтік осал санаттағы 14 500 баланы қамту жоспарланып отыр.
2024-2025 оқу жылында материалдық көмектің мөлшері бір балаға 43 407 теңгені құрайды.
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Енді білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсету мемлекеттік қызмет болып саналады. Мемлекеттік қызметті алу үшін Ережеде көзделген құжаттарды қоса бере отырып, мектепке өтініш беру қажет», — деп атап өтті Серік Әділбаев.
Келесі санаттағы оқушыларға көмек көрсетіледі:
— АӘК алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
— жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен АӘК алмайтын отбасылардан шыққан балалар;
— жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар;
— Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар;
— басқа санаттар (өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар).
Білім басқармасы осы мәселе бойынша білім беру ұйымдарының басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға «Мектепке жол» республикалық акциясы шеңберінде демеушілік қаражат есебінен керек-жарақтары бар мектеп рюкзактары түрінде көмек көрсетіледі. Барлығы 8 500-ден астам баланы қамту жоспарлануда.
Бұл акцияның мақсаты аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім балалар және жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға материалдық көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып саналады.
Егер отбасы аталған санаттарға жататын болса, онда балалардың ата-аналары мектепке барып, растайтын құжаттарды ұсынуы керек. Қазіргі уақытта мектептердің әлеуметтік педагогтары білім алушылардың жаңа жиынтығын ескере отырып, мұқтаж балалардың тізімін қалыптастыруда.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×