Now Reading
Үшарал оңалту орталығында 35 бала емделіп жатыр
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Үшарал оңалту орталығында 35 бала емделіп жатыр

Үшарал оңалту орталығында 35 бала емделіп жатыр

Үшарал оңалту орталығында 35 бала емделіп жатыр

Жетісу облысында мамандандырылған әлеуметтік қызмет көрсететін 6 балаларды оңалту орталығы жұмыс істейді.
Олардың қатарында Алакөл ауданы Үшарал қаласында орналасқан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту бөлімшесі бар. «Жансая» күндізгі стационарында 35 бала тұрақты түрде емделуде, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алакөл өңірінде бұрын мұндай мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы болмағандықтан, ата-аналар балаларын оңалту үшін Алматы мен Астана қалаларына өз қаражатына апаруға мәжбүр болатын. «Жансая» күндізгі емдеу орталығы ашылғаннан кейін бұл мәселе жергілікті деңгейде шешімін тауып отыр.
Үшарал қаласының тұрғыны Айгүл Кәрімова қызы Әминаның «Жансая» орталығында екінші жыл емделіп жатқанын айтады.
«Алғаш орталыққа келгенде қызым жүре алмайтын еді, қазір аяғынан тұрып кетті. Орталықта өз саласының мамандары жұмыс істейді, оларға деген ризашылығымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Менің Аминам еңбек сабағына, музыка сабағына, емдік дене шынықтыру сабақтарына қатысады, массаж алады. Онымен логопед, психолог, дефектолог жұмыс істейді. Мұның бәрі қызымның денсаулығының жақсаруына айтарлықтай әсер етті» — дейді  Айгүл Кәрімова.


Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, орталықта бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Орталық қажетті оңалту құралдарымен жабдықталған, мысалы, «Имитрон» жүру тренажеры, нейро-ортопедиялық оңалтуға арналған комбинезон, тіреуіш жақтау, физиотерапиялық құрал-жабдықтар және т.б.
50 төсектік оңалту бөлімі бар «Жансая» күндізгі емдеу орталығы Жетісу өңірі құрылғаннан кейін 2022 жылдың тамыз айында ашылды. Өңірде 57 жұмыс орны ашылды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×